5G, Головкин, Домбырашы. 5-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 05 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ 2024 жылы бүкіл Қазақстанда 5G қолжетімді болады

Бүгінде республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Түркістан 5G желісімен қамтамасыз етілген.

Еліміздің цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбектің айтуынша, қазіргі уақытта олар операторлармен локация бойынша жұмыс істеп жатыр.

Ал сен тұратын өңірде қандай желі қолжетімді?⬇️⬇️⬇️

2️⃣ Головкин карьерасын аяқтау туралы ойын айтты

Боксшы алдымен Қазақстанда бір жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Головкиннің карьерасы пандемия басталғалы аяқталған, ал қазір істеу керегін ғана жасап жатыр.

Головкиннің спорттан кеткенін қаламайтын шығарсыз!😢😢😢

3️⃣ Жас домбырашы Грузияда өткен байқауда бас жүлдені жеңіп алды

14 жасар Айбек Қасымхановтың есімі «Қазақстанның алтын балалары» кітабына енді.

Айта кетейік, қарағандылық Грузиядағы халықаралық байқауға Түркиядағы жеңісінен кейін жолдама алған. Қос елдегі байқауларда ол «Бастау» және «Хәләулім» туындыларын шырқады.

Жас әншіге қолдау білдірейік!👏👏👏