7-20-25, Вакансия, Тимофей Скатов.11-ші қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 11 Қазан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатыр.

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір «7-20-25» орнына жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатыр. Жақында презентациясы өтеді. Оның шарттары заң жобасы аясында қаралуда.

«Ең бастысы, алғашқы жарна және қолжетімді ставка болуы керек. Қолдан келсе, біз бүкіл халық үшін мөлшерлемені 7 проценттен асырмаймыз», – деді Өскенбаев үкімет кулуарында.

Бұған дейін 2022 жылдың соңында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аяқталуы мүмкін екені хабарланған болатын. Өйткені бағдарламаны қаржыландыруға тартылған 1 трлн теңге аяқталуға жақын. 2022 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 701,5 млрд теңгеге 54 мың қарыз берілді.

Осы бағдарламамен үй алғандар бар ма?🤔

2️⃣ Жұмыссыздарға электронды хабарламалар арқылы вакансия ұсынылады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыссыздарға бос жұмыс орындары туралы электронды хабарламалар жіберу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Ол биыл Ұлттық жобаларды іске асыру аясында 269 мыңнан аса жұмыс орны құрылуға тиіс екенін атап өтті. Қазір 203 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Алайда 175 мыңы – уақытша жұмыс.

Ол үкімет отырысында, тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге күш салу керек екенін айтты. Ол үшін цифрлық технологияларға сүйену маңызды. Мемлекеттік органдардың жүйелерін толық интеграциялай отырып, жұмыспен қамту сервистерінің барлығын цифрландыру қажет.

Отбасының цифрлық картасы, Электронды еңбек биржасы мен Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасын біріктіргеннен кейін, жұмыссыз жүргендерге электронды хабарламалар арқылы вакансиялар ұсынуға болады, деп жалғастырды сөзін премьер.

🟢 Ал сіздің дәл қазір тұрақты жұмысыңыз бар ма?

3️⃣ Тимофей Скатов ресми түрде Қазақстанның екінші ракеткасы атанды.

Пармадағы (Италия) «Челленджер» сериясы турнирінде жеңіске жеткеннен кейін 21 жастағы Тимофей Скатов АТР-ның жаңартылған әлемдік рейтингінде 152-ші орынға көтеріліп, ресми түрде Қазақстанның екінші ракеткасы атанды.

Қазақстандық теннисші үшін бұл «Челленджер» санатындағы екінші финалы. 2021 жылдың маусым айында Тимофей Алматыда өткен ATP Challenger Tour турнирінің шешуші ойынында жеңіске жете алмай қалған.

Құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻