«Үйде жатпа» күнтізбесі. 20 ақпан: Есімдер, мерекелер, оқиғалар

Автор: редактор 25 Ақпан, 2023


☑️ 24 жыл бұрын Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші халық санағы басталды. Сауалнама арқылы 1999 жылы республикада 15 673 400 адам тұратыны анықталды. Ал 2023 жылдың 1 қаңтарындағы статистикаға сүйенсек елімізде 19 765 004 адам тұрады. 2021 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша негізгі этникалық топтардың саны: қазақтар – 13 497 891 адам (халықтың 70,4%), орыстар – 2 981 946 (15,5%), өзбектер – 614 047 (3,2%), украиндар – 372,3% 2 (387,3%). , ұйғырлар – 290 337 (1,5%), немістер – 226 092 (1,2)%, татарлар – 218 653 (1,1%), басқа этностар – 969 722 (5,1%). 

☑️ Ақпанның соңғы сенбісі – Дүниежүзілік қылыш жұту күні аталып өтеді. Қылыш жұту өнері ежелгі индустардан, қытайлардан және жапондықтардан бастау алды. Бұл – жоғары біліктілік пен дәлдікті талап етеді. Олардың шеберлігі медицинаның дамуына зор үлес қосты. Яғни, асқазан-ішек жолдарын диагностикалауға арналған құралдар осы өнерді білетін мамандармен сыналды.

☑️ Бүгін револьвердің пайда болған күні. 1836 жылы 25 ақпан аталмыш қаруға патент алынды. Револьверді ойлап тапқан өнертапқыш – Сэмюэль Колт. Бірақ кейбір тарихшылар Колттың көмекшісі – Джон Пирсонды тапты деп санайды. Себебі осыған ұқсас алғашқы қару 16 ғасырдың басында жасалған.

 ☑️ 25 ақпан қазақтың екі атақты адамы дүниеге келді. Бүгін телеактриса, модель – Аружан Жазылбекова 37 жасқа толды. 18 жасында ол Ford Models Supermodel қазақстандық байқауының жеңімпазы атанды. Актриса көпшілікке «Құтқарушы», «Қазақша тонау», «Рэкетир 2: Жаза», «Үшеулік той» және тағы басқа фильмдерімен танымал. 

Сонымен қатар бүгін эстрада әншісі, актер – Қайрат Нұртас 34 жасын тойлайды. Ол сахнаға алғаш рет он жасында шығып, 19 жасында Республика сарайында жеке концертін берді. 2013 жылы жарық көрген «Өкініш» өмірбаяндық фильмі Қазақстанда рекордтық касса жинады. Әнші 2020 жылы Шымкент қаласының құрметті азаматы атанды. 

Сізге Қайрат Нұртастың қай әні ұнайды?