Ақмарал Науатбек, Қазақ аруы, Паспорт.9-шы қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 ноября, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ 18 қараша Алматыда өтетін «Қазақстан аруы-2022» байқауының жеңімпазы 5 миллион теңге алады.

18 қарашада Алматыда «Қазақстан аруы-2022» байқауы өтеді. Бұл туралы республикалық байқаудың ұйымдастырушылары айтты.

«Қазақстан аруы-2022» байқауы 18 қарашада сағат кешкі 20:00-де республика сарайында өтеді. Байқауға республикадан ең мықты деген 23 үміткер қатысады.

Шілде айында басталған кастинг талабы бойынша 17-21 жастағы арулар таңдалды. Бойы 165-172 см болу керек. Ұйымдастырушылар сөз сөйлеу, жүріс-тұрысы, тіл білімі, рухани сауаттылығы бойынша аруларды дайындайды.

«Байқау сапалы болу үшін ұйымдастырушыларға да қатысушыларға да қойылатын талаптар артқан. Негізгі талап – этникалық құндылықтарын сақтау, қазақ қызы деген атқа лайық аруды таңдау. Сол арқылы басқа қазақ қызына үлгі көрсету. Еліміз үшін маңызды шараларды қолдаймыз және әлемге танытамыз. Жеңімпаз Қазақстанның бет-беделі болу керек. Жаңа Қазақстанға, Жаңа Қазақстан аруына сенеміз», — дейді «Қазақстан аруы» байқауының президенті Айдай Исаева.

Алматы әкімдігі байқауды республика сарайында өткізуге рұқсат берген. Ұйымдастырушылар мемлекеттен бұдан басқа көмек алмаған.
Байқау жеңімпаздары бес номинация бойынша марапатталады. Бір номинация дауыс беру арқылы анықталады. Яғни, көрермендер QR код арқылы дауыс береді.

Сіздің қалаңыздан кім қатысады?😍😍😍

2️⃣ Астаналық спортшы қыз Ақмарал Науатбек пара дзюдодан әлем чемпионы атанды.

Бакуде өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында елордалық спортшы Ақмарал Науатбек жеңімпаз атанды.

Ақмарал Науатбек финалда Паралимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы француз Орери Мартинет Сандринді жеңді. Ол әйелдер арасында пара дзюдодан Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальді қанжығасына байлады.

Бұл туралы Астана әкімдігінің сайты хабарлайды.

Олжас Оразалы тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет 2018 жылы пара дзюдодан 60 келі салмақ дәрежесінде өткен әлем чемпионатында алтын медалге ие болған еді.

8-11 қараша аралығында Бакуде пара дзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлемнің 40-тан астам елінен 300-ден астам спортшы қатысып жатқан жарыста Қазақстанның намысын 18 парадзюдошы қорғап жүр.

Құтты болсын!💐💐💐

3️⃣ Қазақстанда паспорт цифрлық форматта шықты.

«Цифрлық құжаттар» — eGov Mobile қосымшасындағы танымал сервистердің бірі. Бүгінде қажетті құжатыңыздың түпнұсқасы болмаған кезде смартфон арқылы сандық құжатты пайдалану өте ыңғайлы. Цифрлық куәлікті қолдану тиімділігін көрсеткен соң, біз паспортты да цифрлық форматқа аударуды шештік. Енді цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді», — деп жазды цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Telegram-арнасында.

Ендә төлқұжаттары eGov мобильді қосымшасында электрон түрде ала аласыздар!🔥🔥🔥