АҚШ, Күн, Яндекс. 29 сәуірдің топ жаңалықтары

Автор: редактор 29 Сәуір, 2024


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅

1️⃣ Қазақстандықтар енді Яндекс Іздеуге ана тілінде дауыстық сұрау сала алады.

Яндекс Іздеу қазақ тіліндегі дауыстық сұрауларды түсіне бастады. Енді қолдаланушылар сұрақтарды дауыспен орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де қоя алады. Жаңа мүмкіндік Яндекс Веб шолғыш және Яндекс Алисамен бірге мобильді қолданбаларында қолжетімді.

Қазинформ мәліметінше, наурыз айында 12 млн астам қазақстандық Яндекс Іздеуді қолданды, оның 4,5 млн – мобильді қолданба арқылы.

Смартфонда дауыспен сұрақтар қою, мәтін теруден гөрі ыңғайлы. Қарым-қатынас тілін алдын ала таңдаудың қажеті жоқ. Яндекс адам тіпті орыс және қазақ тілдерін араластырып айтса да түсінеді – мысалы, «Қожа Ахмет Ясауи мавзолей қай жерде орналасқан?”. Дауыстық сұрақ қою үшін, қолданбаның іздеу жолағындағы микрофон белгішесін басу керек.
Қазақ тіліндегі сұрау салулар бойынша қолданушылар ұлттық тілдегі құжаттарды ғана емес, сонымен қатар қазақ тіліне нейрожелілік аудармадағы ағылшын және орыс тіліндегі материалдарды да көреді. Нейроаударманы енгізу арқылы іздеуде қазақ тіліндегі пайдалы материалдардың саны 15 миллионнан асып түсті.

“Біз қазақ тіліндегі іздеу өнімдерін жоспарлы түрде жасаймыз: бұл қолданушылар үшін ыңғайлы және ұлттық тіл мен мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Қазақ тілінде дауыстық сұрауларды тану – бұл бағыттағы тағы бір қадам”, – дейді Қазақстандағы Іздеудің аға менеджері Алмаз Сәденов.

Дауыстық сұрауларды тану үшін Яндекс Қазақстан қазақ тілі үшін бейімделген SpeechKit технологиясын қолданады. Дауыстық сұрау мәтінге аударылады, содан кейін іздеуге жіберіледі. Нәтижесінде қолданушы сұрақты қолмен жазғандай жауап алады.

Керемет!😍 Қолданып көрдіңіз бе?)

2️⃣ АҚШ-та америкалықтар асырап алған қазақстандық балалардың бірлестігі құрылды.

Қазақы шапаны мен бөркін киген Арман Әкішев бұған дейінгі жылдары Нью-Йорк пен Пенсильванияда өткен Наурыз мерекесіне қатысса, бұл жолы Вашингтон аймағындағы қазақтармен танысуды жөн көріпті. Жердің шалғайлығына қарамай, бірнеше сағат жол жүріп келген, деп жазады qazaqstan.tv.

«Біріншіден мен қазақпын. Сондықтан мұндай бас қосулардан қалмауға тырысам. Осындай сәттерде жаңа достар табасың. Оның үстіне біз құрған бірлестік ұлғайғанын қалаймын. Ол үшін мұндай жиындар аса маңызды”, – дейді Арман Әкішев.

Арман Праволардың тумасы. Осыдан жиырма жыл бұрын америкалық отбасы асырап алған. Десе де шыққан тегін білуге деген ұмтылысы арқасында үш жыл бұрын туған әке шешесін табады. Тіпті Қазақстанға барып, туыстарын көріп қайтқан. «Менің жолым болды, бір ай ғана іздедім дейді өзі. Ал көп асыранды бала жылдар бойы арманына жете алмай жүр.

«Америкалықтар жеті мыңдай бала асырап алғанын білеміз. Солардың көбі шыққан тегін білгісі келеді. Сол себепті де осы бірлестікті құрдық. Қазақ еліне қалай ұшып баруға болады. Туған әке шешесін, ағайын туыстарын қалай іздеу керек. Осы мәселерде қол ұшын созамыз әрі Қазақстан мәдениетімен етене танысуына көмектесеміз”, – дейді Асыранды балалар бірлестігінің жетекшісі Арман Әкішев.

Бірлестік Қазақстан елшілігімен қарым қатынас орнатып, әлеуметтік желі арқылы белсенді жұмыс істей бастады. Нәтижесі де жаман емес. Бір жылдың ішінде алты қазақ баласы туыстарымен қауышқан. Әзірге онлайн кездесу өткізетін ұйым мүшелері болашақта қатары молайса туған жермен байланысын кеңейту үшін тұрақты құрылтай өткізіп тұрмақ. Ал 5 жасында еріксіз мұхит асса да Арманның туған жерге деген махаббаты ерек. Тіпті, көлігінің сыртына да, ішіне де ел байрағын қойып алған. Биыл жазда Қазақстанға арнайы барып, ана тілін үйренбек ниетте.

Жақсы бастама!👍

3️⃣ Қазақстанда алдағы күндері тағы да күн суытады.

«Қазгидромет» РМК мамандары Zakon.kz тілшісіне алдағы үш күнде – 2024 жылдың 30 сәуірі мен 2 мамыры аралығында республикада ауа райы қандай болатынын айтып берді.

Болжам бойынша, сәуірдің соңғы күні мен мамырдың басында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.

«Батыс Ресей облыстарынан соққан антициклонның екпіні солтүстік, шығыс және орталық облыстарда ауа температурасының түнде 0+5°С, аяз -1-6°С, күндіз +5°С дейін төмендеуіне әкеледі. Сондай-ақ, +13°C суық фронт республиканың оңтүстік аймақтарына біртіндеп ауысып, ауа температурасы түнде +2+7°С, аяз -2°С, күндіз. +15+25°C», – дейді «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктер республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын күтілетінін атап өтті: 1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады, түнде жауын-шашын болады. жаңбыр қарға айналуы мүмкін.

«Елдің оңтүстік-шығысында да найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман күтіледі», – дейді «Қазгидромет» РМК.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 29 сәуірінде Астанада және еліміздің 10 облысында дауылды ескерту жарияланған.

2024 жылдың 30 сәуірі мен 2 мамырына арналған ауа райы болжамы белгілі болды.📌