Қаңтар. Қазақстандықтар үшін айыппұлдар неге №1 мәселеге айналып шыға келді?

Автор: редактор 12 февраля, 2025


Қаңтар. Қазақстандықтар үшін айыппұлдар неге №1 мәселеге айналып шыға келді?

2025 жыл. Қаңтар. Қазақстан азаматтары тағы ашулы. Жыл соңында қымбатшылықпен бірге жұрттың«Каспийіне» әкімшілік айыппұлдар топырлап, жағалайбәріне дерлік түсе бастаған.  Тіпті, екі ай бұрынғыбұзушылықтар да жүр ішінде. Көліктегіні қойшы, айдалада көлде балық аулап, бір демалысында адам құсап табиғатқа шыққандар да, өмірінде шетел емеселорданы көріп, мұнысына мақтана әлеуметтік желігевидео жүктеген ауыл адамдары да осы «тұзаққа» ілінген. Бетін бар, жүзін бар демей, осылай оңды-солдыбұрқыраған цифрлар мойындарына қарыз болып ілініпжатқан көпке «Алтынбекке рақмет» деген атышулывидео  мен көлікті бес минуттан асыра қыздырғандарғада айыппұл салынатыны аян болады ғой. Осы арағакелгенде іші толған қараша «жарылады». Көшегешығып кетпейді, әрине. Бірақ, іштегі қыжылдарынәлеуметтік желіде түрлі «мем», мазақ өлең түріндешығарып, тіпті елдің атын да айдарлап, Қазақстан емес«Штрафстан» деуге дейін барады. «Үйде жатпа» оқырмандары назарына бүгін киноға бергісіз ел басындағы осы бір шытырман оқиғаның жоғарыдеңгейдегі талқысын ұсынбақпыз.

Шынымен де  бұл талқыдан шенді-шекпенділер де қалысқалмай, бір сөзбен айтқанда халыққа «кері байланыс» беруге тырысып бақты. Бірінші болып ішкі істер органыныңбұрынғы өкілі, сенатор Марат Қожаев көлікті бес минуттанартық қыздырғандарға айыппұл қарастырылатын норманыңқолданыста жүргеніне 20 жыл болғанын, оның халықаралықтәжірибеге сай экологияны қорғау мақсатында түзілгенін айтып, журналистерге түсініктеме берді. Сол-ақ екенжелідегілер зауыттардың бұрқыраған түтіні, Қарағандыдағықара қар, Өскеменде улы түтіннен үйінен шыға алмайотырған адамдардың мәселесін шұқып көрсете бастады. Ал Экология министрі Ерлан Нысанбаев «ақылға қонымсыз» деп санаған айыппұл түрін ақтау үшін таймер қосып, өзбасынан тәжірибе жасап та көрсетті. Бірақ, мұнысы да керіэффект берді, әсіресе ескі көлік иелерінің шымбайынақатты батты. «Бізді мазақ қылғаны ма» деп олар жатып кепкүйінді. Күйінетіндей жағдай, негізі. Өйткені бұлайыппұлдың сомасы анау-мынау емес, кәдімгідей қалтағасалмақ салады. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті бергентүсініктемеге сәйкес, бұл ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабын бұзуболып табылады. Яғни, көлігін бес минуттан артыққыздырған азаматтарға аталған бап бойынша 5 АЕК (19 660 теңге), ал қайталап бұзғаны үшін 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Қалжың дейін десе, жылдың басынан бері бұл айыппұл түріне үш азамат ілініпүлгерген. Онда да біреуі, Петропавлда ғой деймін, полиция салған айыппұлдың күшін прокуратура жояды. Іштей біршикілікті сезген болуы керек, «аш бәледен, қаш бәле» дегенде болуы керек. Иә, бұл тұста үлкен шикіліктің басы қылтияды ғой ақырында

Заңда 5 минут деген талап жоқ!

Алдымен депутат Серік Ерубаев Мәжілісте мәселе көтеріп, өңірлердің температуралық режимі мен климатын ескереотырып, қосулы көлікке қатысты норманы қайта қараудысұрайды. Сөйтсе оны қайта қарайтындай жері жоқ екен! ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева алғашқылардың бірі болып «көлікті 5 минуттан артық қыздыруға болмайды» деген ереже шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сөйткен депутат «көлігін 5 емес 55 минут қосып қоямын десе де бұл адамдардың өз еркі» деп айды аспаннан бір-ақ шығарады. Мұны бір апта бұрынғы Amanat партиясының фракциясы отырысында Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Бақытжан Базарбек те кесіп айтты. Ол комитет тиісті түзетулер енгізгенін, оған сәйкес осындайнормаларды жергілікті өкілді органдармәслихаттар ғанабекіте алатынын атап өтті.

Сіздер (мемлекеттік органдар) заңда «бес минут» дегентүсініктің жоқ екенін түсіндірулеріңіз керек еді. Осылайшулатып жіберген өздеріңіз, қазір бүкіл халық бес минут туралы айтып жүр. Мұны ішкі істер министрлігі мен басқада мемлекеттік органдар бірігіп түсіндіруі тиіс еді. Ал қазір, түсіндіру жұмыстарының жүргізілмеуінің салдарын көріпотырмыз. Көптеген адам осы мәселені хайпқа айналдырыпжіберді, – деді депутат. 

Мұны естіген өзге «аманаттықтар» сол арада отырған Ішкіістер вице-министрі Игорь Лепеханың бетіне сұраулыжүзбен аңтарыла қарады. Өз кезегінде заң саласыныңшендісі бес минут туралы норма жол қозғалысы туралызаңда «тоқтап тұру» мен «тұрақ» ұғымдарын ажырату үшінқолданылатынын нақтылады.

«Заңда қозғалтқышты қыздыруға қатысты бес минут дегенталап жоқ. Егер тұрғындарға қолайсыздық тудырып, кедергіжасайтын болса, тек механикалық көліктердің қозғалтқышықосулы күйінде елдімекендердің арасында тоқтап тұруынатыйым салынады. Бұл норма бойынша тек шағым түскенжағдайда ғана жауапкершілікке тартылады. Өткен жылыосындай үш жағдай болды, оның біреуін прокуратура тоқтатты. Яғни, қозғалтқышты қыздырғаны үшін ешкімгеайыппұл салынған жоқ. Бұлқолдан жасалған проблема», – деп сендірді вице-министр.

Бұл мәселені сипаттау үшін «Штрафстан» деген неологизм пайда болды

Негізі, қазақта «Жүйелі сөз жүлгесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деген сөз бар емес пе? Тура осыныайыппұлдар мәселесіне қатысты айтуға болады. Иесінтапқан да бар, жүлгесін тапқан да бар. Жүлге демекші, халықтың бұл арада айтайын дегенін айна-қатесіз, тұп-турасынан жоғарыға жеткізе білген бір депутат болды. Ол  — Асхат Аймағамбетов. Осындайда мұғалімдерден айналыпкетесіз ғой.

«Айыппұл мәселесі – қоғамда қызу талқыланып жүрген тақырыптардың бірі. Бұны сипаттау үшін арнайы  «Штрафстан» деген неологизм пайда болды. Бұл ұғым айыппұлдардың әділ емес екенін және олардың тек бюджетті толықтыру құралы ретінде пайдаланылуына наразы азаматтардың көзқарасын бейнелейді. Дегенмен кейбіреуі айыппұлдарды тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды құрал ретінде де санайды. Өкінішке қарай, көп адам әкімшілік жазалар жүйесі өзінің негізгі мақсатынан (бұзушылықтардың алдын алу және түзеу) ауытқып, бюджет табысын арттыру тәсілі ретінде қабылдап жатыр», – дейді Аймағамбетов.  

Тура, дөп айтылған сөз енді бұл. Көптің жадындағы мәселе, негізі осы. Көлікті бес минуттан асыра  қыздырғандарғасалынатын айыппұл, бұлжай ілік, іштегіні шығару үшінкөптің көзіне көрініп, қарманғанда қолына тигені.

«Әділетсіз және шамадан тыс айыппұлдар алдын алу функциясын орындамай, керісінше жүйеге деген сенімді әлсіретеді. Айыппұлдар бюджеттің негізгі кіріс көзіне айналған кезде, олардың бастапқы мақсаты – тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету – қаржылық пайда табу мүддесіне ығысады», – дейді тағы да Асхат Аймағамбетов.  Бұл да көптің көкейіндегі мәселе. Әсіресе, отқа май құйғандай әсер берген «Алтынбекке рақмет» деген желідегіатышулы видео депутаттың айтып отырғанын одан сайынөзектендіре түседі. Бұл оқиғаның Түркістан облысында болғаны айтылды. Бірақ халыққа оның қай өңірде болғаныемес, видео мазмұны маңыздырақ еді. Ал ол арада айыппұлжазбаған қарамағындағыларды «тәртіптеп жатқан» полиция шендісінің аудио жазбасы берілген.

«…Міне, Алтынбекке рақмет, 19 күн ішінде 30 хаттама толтырған. Қалғандарыңды білмеймін, не ойлап жүретіндеріңді. Қамбар, сен жеті ескерту жазғансың. Ал мен сені еңбекқор деп ойлап жүрсем», – деген аудио жазбадағы белгісіз адам ертең осы мәселе бойыншажиналысқа баратынын айтады. Бұл «жоғарыдан сондай үкімбар» деген ойға жетелейді. Бұл үкімнің мәнісі неде, оны мақаланың соңында айтатын боламын

Айтқандай, осы жайттың бәрі  Мемлекет басшысын да күйіндірген

«Заң мен тәртіп» қағидасы халықтың санасына терең орнығуға тиіс. Ол үшін кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын берік ұстану қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар барлық деңгейде ұйымдастырылуы керек. Мұны, әсіресе, аймақ әкімдері мықтап қолға алғаны жөн. Бірақ шектеулер мен айыппұлдарға қатысты мемлекеттің де, қоғам белсенділерінің де ұстанымы көңілге қонымды болуға тиіс. Мәжбүрлеу шаралары болмаса, тәртіп орнату мүмкін емес екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан мемлекеттің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қараған жөн. Бұл орайда диалог арқылы қоғамдық келісімге келу керек. Қалай десек те, мемлекет заң тәртібін қамтамасыз ету үшін қабылдайтын шаралар өз елін күстәналауға себеп болмауға тиіс. Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады. Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден «керемет жетістіктерді, табыстарды» тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатады. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін өзі «қоғам белсендісі» санайтын жастар, тіпті, депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе», — деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында. Осыдан кейін бірдепутат кешірім сұраған да болды. Бірақ мәселе онда емес...

Цифрлар не дейді?..

Енді цифрлар жайына келейік, бұл да халықтың көкейінтескен мәселе. Өйткені айыппұлдар сомасы еліміздежалақыға қарағанда әлдеқайда қарқынды өсуде. Мұныөзіміз түгілі шетел таң қалып жазып жатыр. Deutsche Welleнеміс басылымында 27 қаңтарда «Неге Қазақстандыкөбінесе «штрафстан» деп атайды» деген мақалажарияланды.

«Қазақстан халқын 2024 жылы жиналған әкімшілік айыппұлдар сомасы таң етті. Қаңтар айының ортасында Бас прокуратураның Құқықтық статистика сайтында жарияланған дерекке сүйенсек, 2024 жылы 20 миллион халқы бар Қазақстан азаматтарына 15 миллион 130 мың түрлі айыппұл салыныпты. Бұл 2015 жылғы статистикаменсалыстырғанда 3,6 есе және 2023 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 40%ға көп көлем. 2024 жылы салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 304 млрд 271 млн теңге (!) немесе 560 млн евродан астам», делінген шетелдік басылымда бұл шаралар ел президентінің «Заң және тәртіп», «Әділетті Қазақстан» бастамасы аясында атқарылып жатқаны нақтыланады. Бұған аң-таң еуропалық журналистер Қазақстан мамандарынан да жауап алуға тырысып көріпті.

«Бұл арада мәселе мынада, ел билігі жаңа айыппұлдар түрінжасауға еліте кірісіп, қызығына тоймауда. Содан кейін де, шын мәнінде, олар бұл процесті қандай да бір «айыппұлөндірісіне« айналдыруда. Егер осы қарқыннан таймаса, айыппұлдар экономиканың бірқатар басқа салаларына қарағанда бюджетті әлдеқайда көбірек толықтырушы болаалады», — деп DW басылымына пікір білдіргенҚазақстандағы адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюросының директоры Денис Дживага жаңа айыппұлдартүрін ойлап табушы жергілікті шенеуніктер халықтыңжағдайымен санаспай жатқанын айтады. Оның пікірінше, жыл сайын өсетін айлық есептік көрсеткішке халықтыңжалақысынан гөрі айыппұлдар тезірек байланып, ұлғаятүсуде. Мұндай әділтесіздік те халықты ашындырады. Яғни, Қазақстанда жалақы өспейді, бірақ айыппұлдар сомасымезгіл-мезгіл «жайқалып отырады».

Билікке жақын деген саясаттанушы Данияр Әшімбаев та шетелдік басылымда бұл ретте Қазақстанда асыра сілтеуболып жатқанын мойындапты.

«Бұл арада бюджетке келіп түскен ақша қайдан келгенітаңбаланып, көрсетілмейді. Яғни, ақша ортақ қазанға келіптүсіп, одан әрі түрлі әлеуметтік бағдарламаларға бөлінеді. Бірақ мәселе мынада, соңғы бес жылда бюджет шығындары 2,5 есе өсті және кірістердің жетіспей жатқаны анық. Бюджет тапшылығы салыстырмалы және абсолютті сандартұрғысында да өсуде. Бұл тығырықтан шығу үшін, мүмкін салық жүктемесін ұлғайтудан және халықтың наразылығын тудыратын кейбір айыппұлдардан бас тартып, бюджетті қайта қарастыру керек шығар», — дейді ол.

Ал біздегі Finprom сарапшылары 2024 жылы салынғанәкімшілік айыппұлдарды ары қарай тарқата былайшазерделейді. «Өткен жылғы әкімшілік айыппұл көлемі бойынша Алматы қаласы мен Маңғыстау облысы көш бастап тұр: 60,1 млрд және 40,5 млрд теңге. Алматылықтардың көбі жол ережесіне қатысты көпайыппұл төлеген. Мысалы, 60,1 миллиард теңгенің 40,1 миллиарды көлік және жолдағы бұзушылықтар үшінтөленді. Маңғыстау облысындағы ірі көлемдегі айыппұлдар экологияға қатысты. Жалпы соманың 76,2%-ы немесе 30,9 млрд теңгесі кәсіпорынның қалдықтардың шегінен асып кетуіне байланысты».

Айыппұлдар бюджет тапшылығын жабады деген бос сөз

Енді бұл айыппұлдар бюджет тапшылығына ұрынған Қазақстанның мәселесін шешу үшін жасалып жатыр дейін десек, оған да келіңкіремейді екен. Экономист-маман Ғалымжан Айтқазин әкімшілік айыппұлдардың есеп-қисабына үңіліп, мемлекеттік органдар жоспарды асыраорындап жатқанын баса айта келе:

«Жалпы алғанда, ІІМ тарапынан салынатын айыппұлдардың бюджет табысына фискалдық әсері онша емес: мемлекеттік бюджеттің барлық салықтық емес түсімдерінің 8,5% және мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің 0,5% болады. Сондықтан, мұндай елеусіз фискалдық құралдың есебінен бюджет проблемаларын шешуге тырысудан айтарлықтай пайда да жоқ, ендеше мемлекеттік органдар не үшін өз имиджін пида етіп, осындай жанкештілікке барады«, деп айран-асырболады. Оның түп-тамыры, әлде мынада ма?

Ақпанда да осы жыр болайын деп тұр

Негізі, қаңтарда елді дүрліктірген осы жайттың ақпанда да жалғасын табуы мүмкін. Өйткені, айыппұлға қатысты тағы бір мәселе туындауда. Енді көлік жүргізушілері үшінавтосақтандыру құны бірнеше есеге өспек. Қаржы нарығынреттеу және дамыту агенттігі автосақтандыру құнынесептеу ережелерін қайта қарастырып жатқан жайы бар. Оған сәйкес, жүргізушілер үшін жаңа санаттар енгізілмек: А және М2 класындағылар. Жол ережесін жиі бұзатындар еңтөменгі санатқа түсіп, 7 есе қымбат сақтандыру төлейді. Ал А санатындағыларға, яғни жол ережесін мүлдебұзбағандарға, керісінше жеңілдіктер қарастырылады.Санаттың төмендеуіне әкеліп соғатын заң бұзушылықтар тізімі де айтарлықтай ауқымды. Өздеріңізге белгілі, көлік кептілісі қалың қалаларда айыппұлға түспеген жүргізушілер кем де кем. Ендеше, бұл да жалпы сипатқа, яғни жалпының наразылығын тудыруы мүмкін тағы бір жаңашылдық болыпжүрмей ме? Мұны енді алда көре жатармыз