Қаңтар оқиғасы, Чемпионат, Ыбырай Алтынсарин. 23 желтоқсанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 23 декабря, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Алматыда қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған мемориал ашылды.

Ескерткіш қала әкімдігі жанындағы алаңда, Сәтбаев көшесінен оңтүстікке қарай және Назарбаев даңғылынан батысқа қарайы қойылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін қаңтардағы тәртіпсіздік құрбандарына арналған пантеон эскизін әзірлеу үшін ашық сәулет байқауы өткен болатын.

Мемориалды көрдің бе?

2️⃣ Француздар футболдан әлем чемпионатының финалын қайта ойнауға қол жинауда.

Француз жанкүйерлері Қатарда Франция мен Аргентина құрамалары арасындағы әлем чемпионатының финалын қайта ойнауды талап ететін интернетте петицияға қол жинауда.

Финалда француздар пенальти сериясында жеңіліп қалған еді.
Петиция француздың арнайы MesOpinions сайтында құрылған. Авторлар «сатылып алынған төрешілікке» байланысты финалды қайта ойнатуға шақырады.

Петицияны Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) қарауға жіберу жоспарлануда. Қазіргі уақытта әлем чемпионатының финалын қайта ойнату туралы өтінішке 196 мыңнан астам адам қол қойған.

Ал сенің финалға көңілің толды ма? Қайта өткізуді қолдайсың ба? 🤔

3️⃣ Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі жайында «Даланың таза бұлағы» атты жаңа кітап жарық көрді.

Кітап мұрағат, мұражай және экспедиция зерттеулерінің материалдарына негізделіп жазылған.
Экспедициялық топ Ресей және Қазақстан аумағында мұражайларынан фотосуреттер мен видеодеректерге қол жеткізген.

Кітап ішіне орналастырылған QR код көмегімен деректі фильм, сондай-ақ аудиоиллюстрация ретінде танысуға, Ы. Алтынсарин мұражайына сапар шегуге мүмкіндік те бар.

Туынды Алматы қаласында өткен «Ұлы Жібек жолымен-2022» халықаралық көрмесі аясында «Жылдың үздік кітабы» номинациясы бойынша гран-приді де иеленді.

📚 Саған Ыбырай Алтынсариннің қай шығармасы ұнайды?