Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңызға бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Әлем аруы — 2024: Мадина Әлмұханова “Бәйтерек” монументі мен Самұрық құсының бейнесінде дефилеге шықты
Мексикада өткен халықаралық байқауда Қазақстан атынан өнер көрсеткен 24 жастағы Мадина Әлмұханова ұлттық киімдер дефилесіне қатысты.
Мехикода жыл сайынғы 73-ші “Әлем аруы”байқауында бикини сайысы аяқталғаннан кейін ұлттық киімдер дефилесі өтті. Бұл байқау – қатысушылардың өз халқының мәдениетіне деген құрметін көрсетіп, дәстүрлерін дәріптейтін ерекше шаралардың бірі.
Missqazaqstan.official деректеріне сәйкес, Мадина өзі таңдаған ұлттық киім Қазақстанның басты символдарының бірі – “Бәйтерекке” көрсетілген айрықша құрмет екенін атап өтті. Оның сөзінше, бұл киім үлгісі елдің өсіп-өркендеуін, бірлігі мен болашағының жарқын болатынын білдіреді.
Киімнің ашық қызғылт сары түстері байлықты, жомарттықты және әділдікті меңзейді, ал оның дизайны ұлттық дәстүрлерді болашаққа деген сеніммен үйлестіріп, көркемдік тұрғыда Бәйтеректің архитектуралық ерекшеліктерін көрсетеді.
Дөңгелектің айналасында орналасқан 101 темір Қазақстанның көпұлтты қоғамын құрайтын 101 ұлтты бейнелейді әрі олардың алуан түрлі бірлік идеясын бейнелейді.
Мадинаның киім үлгісін қырғыз дизайнері Арзубек Аманов тігіп берген.
Дизайны көңіліңізден шықты ма?🤔
2️⃣ Ақтау 2025 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болады
Ашхабадта Түркі мәдениеті және өнерін дамыту халықаралық ұйымы – ТҮРКСОЙ-дың 41-отырысы өтті. Іс-шараға ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркияның мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары мен құрметті қонақтар қатысты.
Кездесу барысында түркі мәдениетінің дамуы мен түркі мемлекеттері арасындағы бауырластық қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушылар бірлескен күш-жігермен түркітілдес халықтардың мәдени мұрасын сақтау және насихаттау жолында жұмысты жандандыруға шешім қабылдады.
2025 жылы Ақтау қаласының Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жариялануына арналған жоспарлар мен түркі халықтарының ортақ мәдени мұрасын насихаттау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, тұрақты ынтымақтастықтың маңызы да атап өтілді.
Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесі мүше мемлекеттердің барлық ұсыныстарын қарап, 2025 жылға арналған ТҮРКСОЙ қызметінің бағдарламасын бекітті. Қабылданған шешімдер түркі әлемі халықтарының ортақ тарихын терең түсінуге, мәдени және мемлекетаралық байланыстарды дамытуға ықпал ететін болады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі ТҮРКСОЙ министрлерінің 42-отырысын үйлестіруші болып тағайындалды. Келесі отырыс Қазақстанда өтеді.
Тамаша!🔥
3️⃣ Министрлік Қазақстанға әкелініп жатқан танымал “шайн мускат” жүзімдерін тексереді
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.
Журналистер шенеуніктен корей жүзімінің зияны туралы сұрады.
“Өнімдер елге келгенде, біз оларды стандартқа сай ма білу үшін барлық сертификатын қараймыз. Олар міндетті түрде біздің сынамадан өтіп, зертханаға жіберіледі. Егер сізде сұрақтар болып жатса, оны қайтадан тексерейік. Өтініш жазыңыз, біз тексереміз. Нәтижесін айтамыз”, — деді министр Айдарбек Сапаров.
Министр бұл жемісті жемегенін де атап өтті.
“Жоқ, оны әлі сынап көрген жоқпын. Бұл жүзімдерін тексеріп көрейік. Шекарадан өткен болса құжаттары, анықтамалары бар деп ойлаймын. Егер жасырын жеткізілсе, басқа мәселе. Бүгін комитет төрағасына тапсырма беремін. Ол үлгісін алып, тексеріп көрсін”, – деп сендірді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.
Сіз дәмін татып көрдіңіз бе? 😋