Ақылды сөмке, IPhone,Телерадио. 18 шілденің топ жаңалықтары

Автор: редактор 18 июля, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Түркістандық оқушы «ақылды сөмке» жасап шығарды.

Түркістандық оқушы пультпен басқарылатын «ақылды сөмке» жасап шығарды. Портфель қисық жолмен де, шоқалақ жермен де жүре алады.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Төрткүл жалпы орта мектебінде оқитын Айтуар Советбек биыл өзі ойлап тапқан сөмкемен сабаққа барып, сыныптастарын таңғалдырған. Ал идея мұқтаждықтан туындаған.

Бір жыл бұрын Айтуар жол апатына түсіп, күрделі ота жасатқан. Дәрігерлер оған ұзақ уақыт ауыр зат көтеруге тыйым салады, тіпті кітап-дәптер көтеруге де болмайтынын айтқан. Сабақтан қалғысы келмеген озат оқушы тығырықтан шығатын жолды тапты.

«Үйде жатып оқу қиын, қатарыңнан қалып қойғандай күй кешесің. Мектепке барайын десем денсаулығым жарамады, оқу-құралымды таситын бір адам керек. Ал үйдегілердің жұмысы бар, үнемі менің қасымда жүрмейді ғой. Сосын кітаптарымды тасу үшін пультпен жүретін сөмкем болса деп ойлап, оны алдымен қағаз, картоннан жасап көрдім. Пластмасса жәшігін одан басқа бірнеше материалды пайдаланып, тиімділігін тексердім. Ең бірінші сөмкем пластмассадан жасалды, кітап-дәптерлерімді салып мектепке дейін барып жүрдім. Ал сатыдан көтеруге сыныптастарым көмектесті», -дейді Айтуар.

Айтуардың идеясын анасы да қолдап, дизайнын жасауға көмектесті. Қазір түркістандық оқушы жылжымалы сөмкені жетілдіруді ойластырып жүр. Баспалдақтан өзі көтерілетін механизм жасап, өнімін сатылымға шығаруды көздеп отыр.

Талантты жастарымыз көбейе берсін!😍👍

2️⃣ Қазақстанда телерадио хабарларын тарату тоқтатылады.

Қазақстанда профилактикалық жұмыстарға байланысты телерадио хабарларын тарату тоқтатылады.

Ондай шаралар үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жүргізіліп тұрады.

«Осыған байланысты 2023 жылғы 19 шілдеде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуын өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз», — делінген «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметінің ресми хабарламада.

2023 жылы 19 шілде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында уақытша жұмыс істемейді.📌

3️⃣ iPhone 15 дизайны белгілі болды.

Phone Arena Mydrivers мәліметі бойынша, iPhone 15 және iPhone 15 Plus iPhone 14 Pro сияқты 48 МП камераға ие болады.

Бұл камера жарық аз болған жағдайда егжей-тегжейлі және жарқынырақ суретке түсіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар 2 есе жақындату кезінде сапасын жоғалтпайды.

iPhone 15 және iPhone 15 Plus ProRAW форматында түсіруді қолдамайтыны хабарланады. Бұл фотосурет туралы максималды ақпаратты сақтайды әрі оны әртүрлі форматта кеңінен өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік бұрынғыша iPhone 15 Pro және 15 Pro Max үлгілерімен шектеледі.

iPhone — ның жаңа шығарылымын күтіп жүрсің бе?🤔