Абай кодексі, Гүл өсіретін мекен, Экологиялық мәдениет. 9-шы тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 09 августа, 2022


Бәріне сәлем!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Жаңа Қазақстан азаматтарына арналған «Абайдың кісілік кодексі» құрастырылды

Бұл — қазіргі қоғамның әлеуметтік мінез-құлқын реттейтін заңдық күші бар құжат.

Аталмыш жинақты құрастыруда Абайдың таңдамалық даналық және қара сөздеріндегі кемел адам, толық адам қалыптасып шығу жолындағы халыққа айтқан өсиеттері іріктеліп алынған.

Ал сен бұл жаңалықты қолдайсың ба?🤔🤔🤔

2️⃣ СҚО-да бүтін бір ауыл гүл өсірумен айналысып отыр

Солтүстік Қазақстан облысы Имантау елді мекені тұрғындарының 150-ден астам жылыжайлары бар.

Шамамен 2,5 мың халқы бар шағын ауыл қысқа мерзімде «гүл өсірудің астанасына» айналды.

Аудан бюжетінің 16%-ы қазір гүл бизнесіне тиесілі.

Гүл өсіріп байып кеткен ауыл туралы естуің бар ма?👏👏👏

3️⃣ Жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға арналған оқу құралы шықты

Басылымда экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша сабақтан тыс іс-шаралар бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін материалдар бар.

Әдістемелік құралдың авторы — Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Жанат Базарбекова.

Ал сенде экологиялық мәдениет қалыптасқан ба?⬇️⬇️⬇️