Air Astana,Екібастұз, Елена Рыбакина. 20 ақпанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 20 Ақпан, 2023


Кеш жарық, көзі қырақты қыздар мен жігіттер!

📌 Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз.

1️⃣ Елена Рыбакина Laureus атты беделді халықаралық сыйлыққа ұсынылды.

Уимблдон 2022 чемпионы және Australian Open 2023 финалисі қазақстандық Елена Рыбакина беделді Laureus сыйлығына үміткер болды.

Қазақстандық теннисші – «Жыл серпіні» жүлдесіне үміткер алты спортшының бірі. Рыбакинадан басқа бұл номинацияға испандық Карлос Алькараз (теннис), футболдан Марокко құрамасы, америкалық Натан Чен (мәнерлеп сырғанау), нигериялық Тоби Амусан (жеңіл атлетика) және тағы бір америкалық спортшы Скотти Шеффлер (гольф) ұсынылып отыр.
Атап өтейік, Laureus World Sports Awards сыйлығы бір жылда үздік жетістіктерге жеткен спортшыларға беріледі.

Құттықтаймыз!👏🏻😍

2️⃣ Екібастұзда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға көшті.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, колледж студенттері 20-24 ақпан аралығында үйден оқиды. Қосымша білім беру ұйымдарында да сабақтар онлайн форматта өтеді.

«Екібастұзжылуэнерго» мәліметі бойынша, бүгінде қаланы жылумен қамту оңтайлы параметрлерге жеткізілген. Алайда білім беру ұйымдарын жылытып, қажетті температуралық режимге қолжеткізу үшін уақыт қажет.

Білім беру ұйымдарында күн сайын температураны бақылау жүргізіледі. Санитарлық нормаларға сәйкес температуралық режимге қолжеткізгеннен кейін мектептер, колледждер мен қосымша білім беру ұйымдары оқытудың тұрақты режиміне көшіріледі», – делінген Екібастұз қалалық білім басқармасы хабарламасында.

Ал сен жақта ауар айы қалай?🤔

3️⃣ Air Astana әуе компаниясы 2022 жылы 7,35 миллион жолаушы тасымалдады, рекордтық көрсеткішке жетті.

«Бұл әуе компаниясының 20 жылдық тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Пандемияға дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда жолаушылар санының жалпы өсімі 44%-ті құрады», – деп жазылған компания хабарламасында.
FlyArystan бюджеттік бөлімшесінің жолаушылар ағыны 3,7 есе өсіп, 3,25 миллион адамды құрады.

Аталмыш әуе компаниясын жиі пайдаланасыз ба?👍