Айбек Оралбай, Лев Гумилев, Жәнібек Әлімханұлы. 13-ші қарашаның топ жаңалықтары

Автор: редактор 13 Қараша, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️

1️⃣ Google компаниясы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі Әли Жүсіпов ті жұмысқа шақырды.

Бұл туралы sputnik.kz хабарлады.

Әли механика-математика факультетін математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша білім алды. Қыркүйек айынан бері Google-дің Цюрихтегі кеңсесінде бағдарламашы-құрастырушы болып жұмыс істейді.

Жас маман Google-ға дейін «Яндекс» компаниясында тағылымдамадан өтіп, «Сберде» бағдарламашы-әзірлеуші ретінде тәжірибе жинап үлгерген.
Университет сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Әли Жүсіпов ЕҰУ-да оқыған жылдары бағдарламалау саласы бойынша көптеген халықаралық олимпиада мен жарыста жеңімпаз атанған. Шахмат пен баскетболға әуес болған.

Бүгінде ЕҰУ түлектерінің көпшілігі отандық және шетелдік IT-компанияларда табысты еңбек етіп жатыр. Университеттің механика-математика факультеті бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 15 білім беру бағдарламасы бойынша маман даярлайды.

Осындай дарынды әрі талантты жастарымыз көп болсын!🔥🔥🔥

2️⃣ Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы титулын қорғап қалды.

Ол британиялық Дензел Бентлимен кездесті.

Кездесу Лас-Вегаста өтті.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын. Соңғы раунтан соң төрешілер жеңісті Әлімханұлына берді.
Осылайша, Әлімханұлы кәсіпқой жекпе-жекте 13-ші рет жеңді. Бентлиде 17 жеңіс, бір тең есеп және екі жеңіліс. Қазақстандық титулын алғаш рет қорғады.

Жеңіс құтты болсын!👏🏻👏🏻👏🏻

3️⃣ Айбек Оралбай бокстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. ✊🏻

Бұл жекпе-жекте Айбек Оралбай өзбекстандық боксшы Мадияр Сайдрахымовқа қарсы шықты. Бірінші раундта Айбек Оралбай айқын басымдықпен жеңді. Ал екінші раундта бір ұпайдан айырылды. Мадияр да басын төмен түсіріп жүргені үшін бір ұпайдан айырылып қалды. Үшінші раундта қазақстандық боксшының соққылары дәл тиді. Осылайша, Оралбай Өзбекстанның атынан шығып жүрген этникалық қазақ Мадияр Сайдрахымовты жеңіп, ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды.

Екі боксшы 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында кездескен. Сол кезде Мадиярдың жолы болды. Ол қола жүлдені ұтып алды.