Айбол Әбікен, Юрий Шатунов, Отбасы банкі. 23-ші маусымның топ жаңалықтары

Автор: редактор 23 июня, 2022


Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз! 📌

1️⃣ Қазақстан құрамасы мен «Ақсу» клубының ойыншысы Айбол Әбікен допинг пайдаланғаны үшін үш жылға футболдан шеттетілді.

2️⃣ Ресейлік танымал әнші, «Ласковый май» тобының солисі Юрий Шатунов дүниеден озды.

Юрий Шатунов 1973 жылы 6 қыркүйекте Кумертау қаласында (Башқұрт КСРО) дүниеге келген. «Ласковый май» тобын құрып, оның құрамында өнер көрсетті.

Танымал әндері: «Белые розы», «Седая ночь», «Все напрасно», «Звездная ночь», «И упав на колени», «Клянусь», «Забудь», «Детство», «Мама», «Не бойся», «Майский вечер», «После выпускного».

Иманды болсын! 🙌🏻

3️⃣ Отбасы банк «Бақытты отбасы» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастады.

Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу туралы өтінім otbasybank.kz платформасында 20 маусым мен 19 шілде аралығында қабылданады.

Бағдарламаға қатысу үшін жергілікті органда тұрғын үй кезегінде тұру қажет. Өтінім бере алатын санаттар:

* — көпбалалы отбасы;
* — мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
* — толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек).