Қайда тегін баруға болады?(10,11 тамыз)

Автор: редактор 10 августа, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың.

АЛМАТЫ:

 

🤫Amal-Gamator көрмесі

Іс-шарада жаһандану, мәдени қарама-қайшылық, машина эволюциясы және тарихи тәуелділіктен футуристік көзқарасқа көшу тақырыбына назар аударылып, Орталық Еуропа мен Орталық Азия арасындағы қарқынды әрі күрделі байланыстар зерттеледі.

Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101

Күні: 10 және 11 тамыз, 14:00 – 23:00

 

🫥Open Air концерті

Іс-шараның басты қонағы — Қазыбек Құрайыш! 

Орны: MEGA Alma-Ata амфитеатры, Розыбакиев көшесі, 263

Күні: 10 тамыз, 18:00  

 

🤑Nomads in time көрмесі

Іс-шара атақты қазақ суретшісі және дизайнері Балнұр Асанованың шығармашылығына арналған.

Бұл іс – шара көрермендерді бірегей өнер туындыларымен таныстырып қана қоймай, жалпы қазақстандық маңызды тенденция — адамның мәдени болмысын ұғыну және қайта қарастыру сияқты маңызды үрдісті атап көрсетеді. 

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні:10 және 11 тамыз, 10:00 – 19: 00

 

🤠Let’s Eat фестивалі

Мұнда қонақтарды Қайрат Нұртастың қойылымы, сондай-ақ көптеген дәмді тағам, қызықты шеберлік сыныптары мен керемет сыйлықтар күтеді.

Орны: «Көк-Төбе» мәдениет және демалыс саябағы, Достық даңғылы, 104 б

Күні: 11 тамыз, 12:00-22:00  

 

🙄Stargazer анимациялық көрмесі: 256

Суретші Дарья Конопатова «Старгейзер 256» жаңа графикалық романын ұсынады. Ендеше сіз де фантастикалық әлемді аралап жүрген ғарыш шабандозы Альберттің шытырман оқиғалы әлеміне еніңіз. 

Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137

Күні:10 және 11 тамыз, 10:00 – 19: 00

 

🤐Халықаралық винил жазбалар күнін тойлау

Сіздерді танымал қазақстандық топтардың қойылымдары, әртістермен байланыс, сондай-ақ викториналар мен сыйлықтар күтеді.

Орны: Grand музыка әуесқойы, Гоголь көшесі 58

Күні: 11 тамыз, 17: 00  

 

🤗«Үміт шуағы» көрмесі

Aspan Gallery алаңында өтетін “Үміт шуағы” атты көрмесінде Гүлнұр Мұқажанованың 2023 жылы Гонконгтағы бұрынғы тоқыма фабрикасында, ал бүгінде Mill6CHAT арт-кеңістігінде өткізілген суретші көрмесіне арнайы әзірленген қол киізінен жасалған ең ірі туындысы ұсынылады. Ұзындығы 16 метрден асатын бұл монументті кенеп Қазақстанда алғаш рет көрсетіледі. Aspan Gallery алаңындағы көрме үшін Гүлнұр өзінің 16 метрлік киіз суретінің жалғасын жасап шығарды. Галереяның периметрі бойынша кеңістікті қамтитын жаңа инсталляцияның ұзындығы 41 метрден асады.

Орын: Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants кешені, Әл-Фараби, 140а/3

Күні: 10 және 11 тамыз, 11:00 – 19:00

 

 

АСТАНА:

 

💡Garage Fest жәрмеңкесі

Қазақстан, Корея, АҚШ және Украинадан келген қолөнер шеберлері табиғи тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды, киімдерді, декор элементтерін, шамдарды, құрт қосылған шоколадты, мектеп формасын, K-pop және аниме тауарларын және т.б. ұсынады.

Орны: Әбу-Даби Плаза алдындағы алаң, Сығанақ көшесі 60/5

Күні: 10 және 11 тамыз, 12:00-22:00

 

🤩Лейла Махаттың «MENMIN» жеке көрмесі

Қазақтың атақты суретшісі туындыларында өткен мен бүгінді ұштастыра отырып, дүниетанымның көркемдік тұжырымдамасын қалыптастырады. Көрмеде өнер иесінің соңғы екі жылда салған суреттері ұсынылады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 10 және 11 тамыз, 10:00 — 20:00  

 

☘️Балаларға арналған жазғы фестиваль

Қонақтарды тегін аниматорлар, сыйлықтар ұтыс ойындары, музыкалық топтардың жанды қойылымдары, елорданың хореографиялық және вокалдық студиялары қатысатын концерттер, вокалдық байқаулар, би шайқастары және т.б. күтеді.

Орны: Ailand ОСО жанындағы көше аумағы, Қорғалжын тас жолы, 2

Күні: 10 және 11 тамыз, 12:00

Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!