Қайда тегін баруға болады?(11,12 мамыр)

Автор: редактор 11 мая, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, өз өңіріңізде болатын қызықты шараларды пікірде бөлісе аласыз. 

 

АЛМАТЫ:

 

👐Артем Утровтың (Out of) Control жеке көрмесі

Суретші өз туындыларын жасаудағы шабыт пен шығармашылық процестер туралы ойын бөліседі. Сонымен қатар өз жұмысында қандай тақырыптарды зерттейтінін айтады. Келіп суретшімен тікелей сырласыңыз. Көрмеге қойылған жұмыстарға жаңа көзқараспен тамашалыңыз. 

Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы 77/8

Күні: 12 мамыр, 15: 00

 

Aurora Pop-Up Market жәрмеңкесі

Келушілер 20-дан астам жаңа қызықты алматылық және шетелдік киім брендтерін, зергерлік бұйымдарды, интерьер заттарын, сыйлықтарды, қолөнершілерді және жергілікті гастрономия өндірушілерін табады. 

Орны: Aurora Space, Жамбыл көшесі, 55

Күні:11 және 12 мамыр, 12: 00-20: 00

 

👨‍👩‍👧‍👦Молдақұл Нарымбетовтың Takyr Krakelur жеке көрмесі

Көрме соңы бақытсыз аяқталатын саяхат жайлы, уақыт өте келе суреттердің түрлі-түсті қабатында пайда болатын жарықтар туралы және олардың кептірілген саз топыраққа біртүрлі көрнекі ұқсастығы туралы баяндайды.

Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79

Күні:11 және 12 мамыр, 12: 00-20: 00

 

 

АСТАНА:

 

🎨Cycle түркі заманауи бейнелеу өнері көрмесі

Мұнда үш түрлі суретшінің жұмыстарын тамашалай аласыз. Негізгі тақырыптар: цикл, өмір шеңбері, өлшем бірлігі мен өзгеру, тарихи кезең.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 11 және 12 мамыр, 10:00 — 20:00

 

 

Естеріңізге сала кетейік, киноға, кез келген фильмге, Қазақстанның кез келген қаласына тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өткізетін викторинада ұтып алуға болады. Сіз сондай-ақ ең көп пікір жаза аласыз, ең белсенді үш оқырманға, айына 1 рет, біз де кино билеттерін береміз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін және сәттілік тілеймін!