Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз.
АЛМАТЫ:
🤷«Tengri El Fest» фестивалі
Этнофестиваль Ұлы Түрік қағанаты дәуіріндегі ежелгі тәңірлік мәдениеттен шабыт алған, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту мақсатында дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға бағытталған. Мұнда әртістердің өнерін тамашалап, спорттық жарыстар, квесттер, шеберлік сыныптары және басқа да көптеген қызықты іс-шараның куәсі бола аласыз. Dress-code: ұлттық киімдер мен қазақи әшекейлер.
Орны: Бәрібаев көшесі, 36 үй
Күні: 12 қазан, 14:00 – 21:00
🐛«Жануарлар әлемінің ғажайып суреттері» көрмесі
Көрмеде National Geographic журналының беттерінен таңдап алынған хайуанаттар әлемінің ең үздік суреттері ұсынылады. Табиғат суреттерінің майталман редакторы Кэти Моранның жетекшілігімен әзірленген бұл көрме National Geographic-тің Майкл “Ник” Николс, Стив Уинтер, Пол Никлен, Беверли Жубер, Дэвид Дубиле және басқа да ең танымал фотографтардың түсірген суреттерінен құралған тұмса табиғатқа деген айрықша көзқарас іспетті.
Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 12 және 13 қазан, 11:00-19:00
🙄Almaty Tüni фестивалі
Кеш бойы көпшіліктің сүйікті әртістері Ayau, Kraim Volshebnik және Ansat өз әндерін ғана емес, сонымен қатар 70-80-ші жылдардағы қазақстандық орындаушылар мен топтардың хиттерін орындайды.
Орны: platforma Market, Абылай хан даңғылы, 125
Күні: 12 қазан, 18:00-22:00
🙄«Kokomba» көрмесі
Бұл екі суретші — Ambujerba мен Kokonja-ның бірлескен жобасы. Олардың жұмысы ішкі және сыртқы, нақты және абстрактылы ұғымдардың қиылысында кездеседі.
Орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі. 79
Күні: 12 және 13 қазан, 12:00-20:00
🫰Aurora pop-up market
Көрме қонақтарын Алматы мен шетелдің 20-дан астам ерекше әрі бренд киімдері, әшекейлері, интерьер заттары, сыйлықтар, қолөнершілер мен жергілікті гастрономиялық өнім өндірушілері күтеді.
Орны: Aurora Space, Жамбыл көшесі, 55
Күні:12 және 13 қазан, 12: 00-20: 00
🙀Ademi Adamdar көрмесі
Бұл — Андрей Пикаловтың Алматыдағы алғашқы жеке көрмесі. Өнер иесі әдемі қаламыздағы екі жылдық жұмысының нәтижесін көрсетеді.
Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101
Күні: 12 және 13 қазан, 14:00-22:00
😻«Сезімтал адам» көрмесі
Суретшілер Айдана Құлахметова мен Ксения Казейкина абстрактілі экспрессионизм стилін қолдана отырып, балалық шақтың естеліктеріне жүгінеді. Мұндағы әр туынды көрерменді түрлі сезімдер әлеміне жетелейді. Сіз де сезіне аласыз деген үміттеміз!
Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137
Күні: 12 және 13 қазан, 10:00 – 19:00
💪«Климат, Су және Қоғам тоғысы» көрмесі
Көрме биыл мамыр айында Балқаш қаласында “Балқаш — 2024: Сын-қатерлер және шешімдер” атты халықаралық су-климат форумының бір бөлігі ретінде басталған.
Орын: Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants кешені, Әл-Фараби, 140а / 3
Күні: 12 және 13 қазан, 11:00 – 19:00
🤙Дина Байтасованың «Менің өзендерімнің арнасы» көрмесі
Дина Байтасованың жұмыстары — оның ішкі саяхатының визуалды күнделігі. Ол 15 жыл бұрын басталған.
Орналасқан жері: Esentai City, Қаппаров көшесі 408
Күні: 12 және 13 қазан, 10:00 – 19:00
АСТАНА:
👀«Қазына аралы» көрмесі
Жоба әлемнің әртүрлі аймағындағы 130-дан астам жұмысты біріктіреді.Көрме зергерлік өнерді тереңінен тануға және оған қатысты түсініктерді кеңейтуге бағытталған. Мәселен, бұйымдар әлеуметтік беделді атрибут пен безендіруден ғана тұрмайды, сондай-ақ олар философиялық әрі мәдени идеяларға толы.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 12 және 13 қазан, 10:00 — 20:00
Естеріңізге сала кетейік, әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинада Қазақстанның кез келген қаласынан кез келген фильмге тегін билеттер ұтып алуға болады. Сонымен қатар ең көп пікір қалдырған үш белсенді оқырманға айына бір мәрте киноға тегін билет табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!