Қайда тегін баруға болады?(13,14 қаңтар)

Автор: редактор 13 Қаңтар, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың. 

 

АЛМАТЫ:

 

🥰Qazart Viewing Rooms көрмесі

Көрмеде қазақ суретшілерінің 1990-2023 жылдар аралығында жасаған кескіндемелері, мүсіндері, арт-бейнебаяндары және қағаз бетіндегі туындылары ұсынылады.

Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79

Күні: 13 және 14 қаңтар, 12:00-20:00

 

👏Халықаралық «Өнерден ләззат ал!” көрмесі 

Көрмеге Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан, Корея, Германия және Қазақстанның әр өңірінен келген 36 суретшінің жұмысы қойылады. Мұнда 70-ке жуық туындыны тамашалауға болады. Олар кескіндемеден бастап керамика мен сәндік-қолданбалы өнерге негізделген. 

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 13 және 14 қаңтар, 11:00-19:00

 

🎭«Рахта» көрмесі

Көрме Өзбекстан суретшілері мен зерттеушілерінің мақтаның Өзбекстанның ғана емес, Орталық Азияның да өмірін, мәдениетін түбегейлі өзгерткен ауыл шаруашылығы дақылы ретінде маңыздылығы жоғары көрініске негізделген.

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140А / 3

Күні: 13 және 14 қаңтар, 11:00-19:00

 

 

АСТАНА:

 

💫Аржан Ютеевтің «Қасқыр жолы» көрмесі

Суретшінің шығармалары басты құндылықтарға негізделген. Жан. Тарих тамыры. Ұрпақтар арасындағы байланыс. Сезім сұлулығы. Ежелгі аңыздар туралы баяндалады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні :13 және 14 қаңтар, 10:00 – 20:00

 

 

Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!