Қайда тегін баруға болады?(14,15 қыркүйек)

Автор: редактор 14 сентября, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз. 

 

АЛМАТЫ:

 

📚Kitap Fest фестивалінің мерейтойы

Фестивальге келушілер әдебиет әлеміне тереңірек үңіле алады. Нақтырақ айтсақ, ауқымды мәдени бағдарламаны тамашалап, жазушылармен әрі белгілі тұлғалармен кездесуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар кең көлемде кітап алмасу, кітап көрмесі мен жәрмеңкелер, поэзия кеші, шеберлік сабақтары және бүкіл отбасыға арналған басқа да  іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал “Ауылға кітап” акциясы аясында кез келген адам Қазақстандағы ауыл кітапханаларына кітап сыйлай алады.

Орны: Арбат алаңы

Күні: 14 және 15 қыркүйек, 10:00 – 18:00

 

📣LuxFM радиостанциясының фестивалі

Фестивальде Мирас Жүгінісов, Айқын Төлепберген, Jazzdauren және Adam сынды танымал өнерпаздар төбе көрсетеді. Кештің басты қонағы — Grammy сыйлығының иегері, дыбыс продюсері DJ Иманбек.

Орны: Астана алаңы

Күні: 14 қыркүйек, 16:00

 

💡Almaty Garden Show халықаралық фестивалі

Ландшафты дизайнерлер мен сәулетшілер өсімдік көшеттерін және бақша өнімдерін жеткізушілермен бірге “бақша өнері” саласындағы соңғы трендтер мен жетістіктерді ұсынады. Сарапшылар балалар мен ересектерге интерактивті демонстрациялар мен шеберлік сабақтарын өткізеді. Фестивальдің негізгі сахнасында конкурс және ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, жүлделі ұтыс ойындары мен шара серіктестерінің сыйлықтары табысталады. 

Орны: Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Гоголь көшесі, 1

Күні:14 және 15 қыркүйек, 10:00 – 19:00

 

🏠«Алматы — біздің ортақ үйіміз» отбасылық фестивалі

11:30-да “Алматы – арман қала!”эстрадалық концерті басталады. Жәмилә Серкебаева, Өктем Алтаев, Қаракөз Сүлейменова, Жұбаныш Жексенұлы, Диана Исмаилова, Мұқасан Шахзад және т.б. сияқты танымал орындаушылар өнер көрсетеді. Балаларға, жасөспірімдер мен белсенді TikTok пайдаланушылары үшін түпнұсқа фото және бейне орындар аймағы жасалады. Фестиваль аясында сағат 19:00-де YOLO HOUSE, BIP HOUSE және басқа да танымал тиктокерлердің қатысуымен концерт басталады.

Орны: Абай алаңы

Күні: 15 қыркүйек, 10:00-21:00

 

☀️Alma Fest фестивалі

Мұнда Шапито циркі, үлкен әуе шары, иллюзионистік шоу әрі ашық аспан астындағы театр, алмалар мен қолөнершілерге арналған жәрмеңкелер, үлкен балалар ойын алаңы және т.б болады. Alma Fest хидлайнерлері: рэпер Hiro, CAPTOWN хип-хоп тобы, Umberto Project, Steppe Sons.

Орны: Орталық мәдениет және демалыс саябағы, Гоголь көшесі, 1

Күні: 15 қыркүйек, 10:00-21:00

 

🔥Almaty Cover Show мерекелік концерті 

Сахнада Нағима Есқалиева, Мейрамбек Бесбаев, Калифарния, RaiM, Нұрлан мен Мұрат, АРО, Ерболат Құдайберген, Қайрат Түнтеков, Еркін Нұржанов, Айдар Тұрғанбай өнер көрсетеді.

Орны: Астана алаңы

Күні: 15 қыркүйек, 17:00

 

💫«Үміт шуағы» көрмесі

Aspan Gallery алаңында өтетін “Үміт шуағы” атты көрмесінде Гүлнұр Мұқажанованың 2023 жылы Гонконгтағы бұрынғы тоқыма фабрикасында, ал бүгінде Mill6CHAT арт-кеңістігінде өткізілген суретші көрмесіне арнайы әзірленген қол киізінен жасалған ең ірі туындысы ұсынылады.

Орын: Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants кешені, Әл-Фараби, 140 а /3

Күні: 14 және 15 қыркүйек, 11:00 – 19:00

 

 

АСТАНА:

 

🌎Red Bull Dance Your Style

Бұл — “1 -ге 1” форматындағы халықаралық көше билері байқауы. Бишілер әлемге әйгілі музыка хиттерін орындап, әр шайқастың жеңімпазын анықтау үшін көрермендердің жүрек үніне құлақ асады. 9 қарашада ең мықты бишілер Мумбайда өтетін Әлемдік финалда Қазақстанның атынан шығады.

Орны: Триатлон паркі, Сарайшық көшесі, 1/1в

Күні: 14 қыркүйек, 15:00

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның кез келген қаласынан өзіңіз қалаған фильмге тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өтетін викторинадан ұтып алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ көп пікір жазған ең белсенді үш оқырманға айына 1 рет кино билеттерін табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Сәттілік!