АЛМАТЫ:
🗣«Оқиғалар желісі» көрмесі
Efes Art Space-тің кезекті көрмесінде қазақстандық суретші Майя Колосова диджитал коллаж техникасымен орындалған туындыларын ұсынады.
Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137
Күні: 16 және 17 қараша, 10:00 – 19:00
👏Öziñ zine fair жәрмеңкесі
Көрмеде қазақстандық ерекше авторлардың жұмыстарымен таныса аласыздар. Ал жәрмеңкеде зиндер (әуесқойларға арналған шағын тиражды басылымдар), арт-кітаптар және әртүрлі әдемі әшекей-бұйымдар ұсынылады.
Орны: Бәрібаев 36-дағы үй, Бәрібаев көшесі, 36
Күні: 16 және 17 қараша, 12:00 – 20:00
🤑Фатима Өмірдің “Сары жол» атты жеке көрмесі
Суретші әңгімелерін кескіндеме арқылы баяндап, оларды шынайы өмірдегі заттармен толықтырады.
Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101
Күні: 16 және 17 қараша, 14:00 – 22:00
😱«Әй-ел!” көрмесі
Суретшілердің жұмыстары Салтанат Нүкенованың қайғылы тарихына арналған.
Орны: Бәрібаев 36-дағы үй, Бәрібаев көшесі, 36
Күні: 16 және 17 қараша, 09:00 – 21:00
🥳Ice Party
«Медеу” мұз айдынында Халықаралық студенттер күніне арналған іс-шара өтеді.
Орны: Сәтбаев және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жиналады.
Күні: 17 қараша, 07:00
😊«Қайта өрлеу» заманауи өнер көрмесі
Орналасқан жері: Esentai Mall, Әл-Фараби даңғылы 77.8
Күні: 16 және 17 қараша, 10:00 – 22:00
АСТАНА:
🤩«SHE RUG» көрмесі
Көрме қазақ кілемі мен қазақтың заманауи тоқыма өнерінің интерпретациясына арналған.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 16 және 17 қараша, 10:00 — 20:00
👏Вячеслав Лидің «Таңғы алаңдаушылық » көрмесі
Орны: «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34
Күні: 16 және 17 қараша, 12:00 – 18:00