Қайда тегін баруға болады?(16,17 наурыз)

Автор: редактор 16 марта, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың.

АЛМАТЫ:

👀Алмас Ордабаевтың “Сәттер жаңғырығы” атты жеке көрмесі

Алмас – сәулетші. Әрине, сәулетшілер сурет салуды жақсы меңгерген. Мұнда ғимараттардың эскиздері ғана емес, сонымен қатар қалаларда орын тепкен әртүрлі орындар да назарға алынады. Мәселен, кіші және үлкен сәулет ескерткіштері, көшелер мен алаңдар, қала берді сәулетшілердің ойы мен сезімін сақтай отырып жеткізілген үүзінділер.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 16 және 17 наурыз, 10:00-19:00

📚“Қазақ халқының киіз басу өнері” дәрісі

Ұсынылған дәрісте киіз басу өнерінің қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан дәстүрлі әдіс-тәсілдері, түрлері және олардың атауларының маңыздылығы айтылады. Сондай-ақ көрерменді өз қорындағы құнды жәдігерлерінің бірі киіз бұйымдарының ерекше нұсқаларымен таныстырады. Аталмыш дәріс барысында, киіз басудың дәстүрлі әдістерінің негізін сақтай отырып, заманауи киіз басу ерекшелігі бойынша шеберлік сабақ көрсетіледі.

Орны: Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Көктем-3, 22/1 шағын ауданы

Күні: 16 наурыз, 14:00

👤Медина Базарғалидың “Jelilik dala” атты жеке көрмесі

Көрме жас суретшінің бес жылдық тәжірибесіне негізделген. Бұл — өнер иесінің жеті жұмысын қамтитын дебюттік жеке жоба. Жаңа медиа суретшісі ретінде ол әртүрлі өнер түрін пайдаланады. Оның қатарында алгоритмдер, дыбыс, инсталляциялар және киіз бар. 

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақова, 79 

Күні: 16 және 17 наурыз, 12:00-20:00

🤩Әлия Қабиқожаеваның Nomad Spirit жеке көрмесі

Әлия Қабиқожаева – көркем суретші. Сонымен қатар Қазақстан Жас суретшілер одағының және Азия суретшілер қауымдастығының мүшесі. Суретші өз туындыларымен Корея, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдеріндегі халықаралық көрмелерде бой көрсеткен.

Өтетін орны: Clay House көркем галереясы, Наурызбай батыр 82 көшесі

Күні: 16 және 17 наурыз, 11:00-19:00

🎨B. Bubikanova art prize өнер жүлдесі финалистерінің көрмесі

Мұнда сіз қазылар алқасының шешімімен таңдалған жұмыстармен танысып қана қоймай, қай өнер туындысы Қастеев мұражайының қорына енгізілетінін де білесіз. 

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 А

Күні: 16 және 17 наурыз, сағат 11:00-18:00.

АСТАНА:

✍️Ұлттық киімдегі неке қию рәсімі

Шара отбасы құндылығының рөлін насихаттайтын Шаңырақ күніне орай ұйымдастырылды. Ұлттық киімдегі салтанатты неке қию рәсімінде ақсақалдар мен көпбалалы аналар ақ батасын береді.

Орны: “Бәйтерек” монументі

Күні: 17 наурыз, 17:00

💫Сәулет Жәнібектің «QARA NÚKTE» жеке көрмесі

Суретші Сәулет үшін QARA  NUKTE оны әлемдер арасында бағыттайтын негізгі сәт. Оның әлемі жүректен шыққан, ізденуші және терең ақыл-ойға негізделген бейнелерге толы галактикадан тұрады. Суретшінің туындысында абсолюттік қара және ақ белгілер қатар көрінеді. Сонымен қатар нысандар мен сюжеттері ерекше сезімге бөлейді. Сонымен қатар адамды жан-жақты ойлануға мәжбүрлейді. Мәселен, тазалық, тереңдік, мұңаю, қуану туралы түрлі эмоцияны сезінуге мүмкіндік бере отырып, әлем арасындағы қарым-қатынасты басқа қырынан түсінуге итермелейді. Шындығында біздің таңдау құқымыз бар. Сіз өзіңізге “мен” қай әлемге кіруді қалаймын? Қазір ол қайда? деп сұрақ қоюыңызға болады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 16 және 17 наурыз, 10:00 — 20:00

 

Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!