Қайда тегін баруға болады?(17,18 ақпан)

Автор: редактор 17 февраля, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың.

АЛМАТЫ:

Исмаил Аджардың “Естелік” жеке көрмесі

Әйгілі түрік суретшісі өзінің бағытын  гиперреализмнен тауып, бұрыннан келе жатқан реализмді жаңа деңгейде көрсетеді. Ал коллекция таңдауын былай деп түсіндіреді: “Бұл көрмеге қойылған туындыларым түркілердің тарихына негізделген. Онда өткеннің ізін түсінуге тырыстым және барша көрерменді осы сәттің куәсі болуға шақырамын…”. 

Орны: Almaty Gallery, Достык, 44 даңғылы

Күні: 17 және 18 ақпан, 11:00 — 19:00

“Балқаш: Қабір үстіндегі зұлмат” фильмінің көрсетілімі мен талқылауы

Фильмде жазушы, журналист Жанболат Башар 1930 жылдардағы Балқаш көліндегі Қарамұрын өңіріндегі Голодомор және ашаршылық құрбандарының бейіттері туралы мәліметті бөліседі. Ол жасанды ашаршылыққа қатысушылармен және куәгерлермен сұхбат негізінде жазылған “Қабір үстіндегі зұлмат” повесінің авторы. Талқылауға фильмнің жарық көруіне себеп болған топ қатысады.

Орны: Bult клубы, Гагарина, 83 көшесі

Күні: 17 ақпан, сағат 14:00-де

Палестина фильмдерінің көрсетілімі

18 ақпан, 19:00-де – Little Palestine (Diary of a Siege). (Қоршау күнделігі). Режиссері: : Abdallah Al-Khatib

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақова, 79 көшесі

📌 Марат Тотеевтің «Сезім құпиясы» 

атты жеке көрмесі 

Суретші көрерменді табиғаттың тылсым сиқырына бөлей отырып, асқар таулар, жасыл алқаптар мен шексіз дала көрінісін ерекше форматта жеткізеді. Мұнда сіз туындалар арқылы өзіңізді әлемнің бірегей бір бөлігі ретінде сезіне аласыз. Сонымен қатар шынайы пейзаждан шабыт алыңыз. 

Орналасқан жері: Ular галереясы, Панфилов көшесі, 92

Күні: 17 ақпан, 11:00-19:00 

 

✍️“Прометей: жергілікті мәдениет контекстіндегі медиа өнері” көрмесі

Прометей жобасы 1962 жылы Қазан қаласында студенттік конструкторлық бюро ретінде құрылған. Бұл орын концерттерге, абстрактілі фильмдерге, бейне-артқа, жарықтандыру дизайнына, дыбыстық өнер мен жеңіл графикаға, аудиовизуалды синтез саласына мамандандырылған. 27 қаңтар сағат 15:00-де Татарстанда Прометей жүргізген зерттеулер мен әзірлемелермен таныстыруға арналған дәріс өтеді.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақова, 79

Күні: 17 және 18 ақпан, 12:00-20:00

АСТАНА: 

Дарья Швалеваның “Құрақ сыбыры”графикалық көрмесі

Халықаралық көрмелер мен фестивальдердің қатысушысы әртүрлі басып шығару әдістерімен жұмыс істейді. Мәселен, құрғақ нүктелі гравюра, картоннан ою, линогравюра, монотиптік және т.б.

Орналасқан жері: Sal Seri, ул. Гейдар Әлиева, 10/1 көш. 

Күні: 17 және 18 ақпан, 11:00 — 18:00

 

💫 Сәулет Жәнібектің «QARA NÚKTE» жеке көрмесі

Суретші Сәулет үшін QARA  NUKTE оны әлемдер арасында бағыттайтын негізгі сәт. Оның әлемі жүректен шыққан, ізденуші және терең ақыл-ойға негізделген бейнелерге толы галактикадан тұрады. Суретшінің туындысында абсолюттік қара және ақ белгілер қатар көрінеді. Сонымен қатар нысандар мен сюжеттері ерекше сезімге бөлейді. Сонымен қатар адамды жан-жақты ойлануға мәжбүрлейді. Мәселен, тазалық, тереңдік, мұңаю, қуану туралы түрлі эмоцияны сезінуге мүмкіндік бере отырып, әлем арасындағы қарым-қатынасты басқа қырынан түсінуге итермелейді. Шындығында біздің таңдау құқымыз бар. Сіз өзіңізге “мен” қай әлемге кіруді қалаймын? Қазір ол қайда? деп сұрақ қоюыңызға болады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 17 және 18 ақпан, 10:00 — 20: 00

 

Естеріңізге сала кетейік, киноға, кез келген фильмге, Қазақстанның кез келген қаласына тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өткізетін викторинада ұтып алуға болады. Сіз сондай-ақ ең көп пікір жаза аласыз, ең белсенді үш оқырманға, айына 1 рет, біз де кино билеттерін береміз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін және сәттілік тілеймін!