Қайда тегін баруға болады?(19,20 қазан)

Автор: редактор 19 октября, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз. 

 

АЛМАТЫ:

 

🙌«Қайта өрлеу» заманауи өнер көрмесі

Көрме трансформация, жаңару, ішкі және сыртқы шекараларды еңсеру сынды тақырыптарды зерттейтін авторлардың жұмысын біріктіреді. Негізгі назарда — жеке және ұжымдық жаңғыру идеялары, пішіндер мен мағыналардың метаморфозалары, сондай-ақ өзгеру үдерісіндегі өткен мен болашақтың өзара әрекеттесуі. 

Орналасқан жері: Esentai Mall, Әл-Фараби даңғылы 77.8

Күні: 19 және 20 қазан, 10:00 – 22:00

 

👏Barry Kudaiberdy – Surekeh жеке көрмесі

Көрме екі кезеңнен тұрады. Онда автор түрлі техника арқылы өнер образдарының циклін жасайды. Бірінші кезеңге кез келген адам қатыса алады. Мұнда әрқайсы қабырғаға керамиканы сындырып, өз сезімдерін білдіруге және әр сәтті ерекше атап өтуге мүмкіндік алады. Екінші кезеңде автор бір ай бойы сынған керамика сынықтарынан мүсін жасап, бұл процесті шығармашылық трансформацияға айналдырады. 

Орны: Бәрібаев 36-дағы үй, Бәрібаев көшесі, 36

Күні: 19 және 20 қазан, 09:00 – 21:00

 

😻«Kokomba» көрмесі

Бұл — Ambujerba мен Kokonja есімді екі суретшінің бірлескен жобасы. Олардың жұмысы ішкі және сыртқы, нақты және абстрактылы ұғымдардың қиылысында кездеседі. Әр туынды — органикалық пішіндер шындықпен және түрлі сезім бөлшектерімен тоғысатын зерттеу іспетті.

Орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі. 79

Күні: 19 және 20 қазан, 12: 00-20:00  

 

🫨Ademi Adamdar Көрмесі

Бұл — Андрей Пикаловтың Алматыдағы алғашқы жеке көрмесі. Өнер иесі әдемі қаламыздағы екі жылдық жұмысының нәтижесін көрсетеді.

Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101

Күні: 19 және 20 қазан, 14: 00-22:00  

 

🤫«Сезімтал адам» көрмесі

Суретшілер Айдана Құлахметова мен Ксения Казейкина абстрактілі экспрессионизм стилін қолдана отырып, балалық шақтың естеліктеріне жүгінеді. Мұндағы әр туынды көрерменді түрлі сезімдер әлеміне жетелейді. Сіз де сезіне аласыз деген үміттеміз!

Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137

Күні: 19 және 20 қазан, 10:00 – 19:00

 

🙄«Климат, Су және Қоғам тоғысы» көрмесі

Көрме биыл мамыр айында Балқаш қаласында “Балқаш — 2024: Сын-қатерлер және шешімдер” атты халықаралық су-климат форумының бір бөлігі ретінде басталған. Көрмеге қатысатын суретшілер: Алмагүл Менлібаева, Jatiwangi Art Factory, Өміркелді Әбеуов, Саид Атабеков, Khadim Ali, Artcom Platform, Сельби Жұмаева және Алиса Вербина.

Орын: Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants кешені, Әл-Фараби, 140а/3

Күні: 19 және 20 қазан, 11:00 – 19:00  

 

 

АСТАНА:

 

👥«SHE RUG» көрмесі

Көрме қазақ кілемі мен қазақтың тоқыма өнерінің заманауи интерпретациясына арналған. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 19 және 20 қазан, 10:00 — 20:00

 

🥳Garage Fest күзгі жәрмеңкесі

Қазақстан, Корея, АҚШ пен Украинаның қолөнер дүкендері мен әртүрлі бренді табиғи тастардан жасалған әшекейлерді, киімдерді, декор заттарын, қолмен жасалған шамдарды, құрт қосылған шоколадты, мектеп формасын, K-POP және аниме тауарларын және тағы басқаларын ұсынады. Сонымен қатар келушілер интерактивті бағдарлама мен диджейлердің өнерін тамашалап, арнайы фото түсуге арналған алаңды пайдаланып, сыйлықтар ұтысына қатыса алады. Ал костюммен келгендерге арнайы дастарқан дайындалады.

Орны: Әбу Даби Плаза, Сығанақ көшесі 60/5

Күні: 19 және 20 қазан, 11:00 – 22:00

 

Естеріңізге сала кетейік, әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинада Қазақстанның кез келген қаласынан кез келген фильмге тегін билеттер ұтып алуға болады. Сонымен қатар ең көп пікір қалдырған үш белсенді оқырманға айына бір мәрте киноға тегін билет табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!