Қайда тегін баруға болады(2,3 наурыз)

Автор: редактор 02 марта, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың.

АЛМАТЫ:

🌸Марат Тотеевтің «Сезім құпиясы» 

атты жеке көрмесі 

Суретші көрерменді табиғаттың тылсым сиқырына бөлей отырып, асқар таулар, жасыл алқаптар мен шексіз дала көрінісін ерекше форматта жеткізеді. Мұнда сіз туындалар арқылы өзіңізді әлемнің бірегей бір бөлігі ретінде сезіне аласыз. Сонымен қатар шынайы пейзаждан шабыт алыңыз. 

Орналасқан жері: Ular галереясы, Панфилов көшесі, 92

Күні: 2 наурыз, 11:00-19:00 

🌚Red Bull Jump & Freeze жарысы

Қарға оранған қызықты сәтті сағынсаңыз, жарыста төбе көрсеткеніңіз жөн.  Бұл тамаша байқау қысқы экстремалды спорттың шығармашылық жанкүйерлеріне арналған әрі шытырман оқиғаға құштарлық.

Орны: Ой-Қарағай тау курорты, Ой-Қарағай шатқалы

Күні: 3 наурыз, 11:00

🌺Spring art fair көрме-жәрмеңкесі 

Бұл өнер әуесқойларын, коллекционерлерді және суретшілерді біріктіру үшін жасалған шара. Ол жаңадан шыққан суретшілерге өз туындыларын көрсетуге және сатуға, сондай-ақ өнер әуесқойларымен және коллекционерлермен байланысуға бірегей мүмкіндік ұсынатын қол жетімді өнердің кең ауқымын ұсынады.

Орналасқан жері: Есентай галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

Күні: 2 және 3 наурыз, 11:00-21:00

🔥Әлия Қабиқожаеваның Nomad Spirit жеке көрмесі

Әлия Қабиқожаева – көркем суретші. Сонымен қатар Қазақстан Жас суретшілер одағының және Азия суретшілер қауымдастығының мүшесі. Суретші өз туындыларымен Корея, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдеріндегі халықаралық көрмелерде бой көрсеткен.

Өтетін орны: Clay House көркем галереясы, Наурызбай батыр 82 көшесі

Күні: 2 және 3 наурыз, 11:00-19:00

💐Мария Гордееваның Theater moments/43 жеке көрмесі

Фотограф әрі журналист Мария театрға деген сүйіспеншілігімен танылды. Бұл оның шынайы, дәл және өте сентименталды фотосуреттерінде көрініс тапты. Аталмыш көрме Алматы театрының тарихы емес, оның көңіл күйі екені сөзсіз.

Орналасқан жері: 101 Dump Gallery, Панфилова, 101, көшесі

Күні: 2 және 3 наурыз, 12:00-22:00.

💫B. Bubikanova art prize өнер жүлдесі финалистерінің көрмесі

Мұнда сіз қазылар алқасының шешімімен таңдалған жұмыстармен танысып қана қоймай, қай өнер туындысы Қастеев мұражайының қорына енгізілетінін де білесіз. 

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 А

Күні: 2 және 3 наурыз, сағат 11:00-18:00.

АСТАНА:

⚡️Сейсенхан Махамбеттің “Табиғатпен үндесу” атты жеке көрмесі

Көрме Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына арналған. Махамбет Сейсенхан – Өнер академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Көптеген кәсіби марапаттардың иегері және өнер байқауларының лауреаты.

Өтетін орны: Has Sanat галереясы, Д.Қонаев 14Д көшесі

Күні: 2 және 3 наурыз, 11:00 — 18:00

💫Сәулет Жәнібектің «QARA NÚKTE» жеке көрмесі

Суретші Сәулет үшін QARA  NUKTE оны әлемдер арасында бағыттайтын негізгі сәт. Оның әлемі жүректен шыққан, ізденуші және терең ақыл-ойға негізделген бейнелерге толы галактикадан тұрады. Суретшінің туындысында абсолюттік қара және ақ белгілер қатар көрінеді. Сонымен қатар нысандар мен сюжеттері ерекше сезімге бөлейді. Сонымен қатар адамды жан-жақты ойлануға мәжбүрлейді.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 2 және 3 наурыз, 10:00 — 20:00

🌿Дарья Швалеваның “Құрақ сыбыры”графикалық көрмесі

Халықаралық көрмелер мен фестивальдердің қатысушысы әртүрлі басып шығару әдістерімен жұмыс істейді. Мәселен, құрғақ нүктелі гравюра, картоннан ою, линогравюра, монотиптік және т.б.

Орналасқан жері: Sal Seri, ул. Гейдар Әлиева, 10/1 көш. 

Күні: 2 және 3 наурыз, 11:00 — 18:00

Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!