Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз.
АЛМАТЫ:
🥳«Үміт шуағы» көрмесі
Aspan Gallery алаңында өтетін “Үміт шуағы” атты көрмесінде Гүлнұр Мұқажанованың 2023 жылы Гонконгтағы бұрынғы тоқыма фабрикасында, ал бүгінде Mill6CHAT арт-кеңістігінде өткізілген суретші көрмесіне арнайы әзірленген қол киізінен жасалған ең ірі туындысы ұсынылады. Ұзындығы 16 метрден асатын монументті кенеп Қазақстанда алғаш рет көрсетіледі. Aspan Gallery алаңындағы көрме үшін Гүлнұр өзінің 16 метрлік киіз суретінің жалғасын жасап шығарды. Галереяның периметрі бойынша кеңістікті қамтитын жаңа инсталляцияның ұзындығы 41 метрден асады.
Орын: Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants кешені, Әл-Фараби, 140 а /3
Күні: 21 және 22 қыркүйек, 11:00 – 19:00
🤩«Қазақстан немен толығады» арт-жобасы
Көрермендерге әртүрлі монументалды техникадағы 15 суретшінің жұмысы ұсынылады. Олар осы жыл бойынша қазақстандықтардың Яндекстегі ең өзекті сұраныстарын қарастырады. Сондай-ақ мұнда ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады. Вероника Ким стенд-ап қойса, Yenlik ән шырқайды.
Орны: Республика алаңы
Күні: 21 қыркүйек, 17:15
😄«Ертең кеше болады» керамика көрмесі
Керамикамен жұмыс жасау құпиясы мыңдаған жыл бұрын бастау алып, күні бүгінге дейін ауқымды тарихты сақтап келеді. Бұл көрме Шолпан Махмудова, Таисия Шайдарова және Анастасия Жарко есімді үш суретшінің таңғажайып бірлескен жұмысы. Олар керамикадан әртүрлі бағыт бойынша өнер туындыларын жасайды.
Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137
Күні: 21 және 22 қыркүйек, 10:00 – 19:00
👥Леонид Ханның «ЪУЪ» жеке көрмесі
Көрермендерге суретшінің танымал мемдерге арналған линогравюра техникасындағы жұмыстары ұсынылады.
Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101
Күні: 21 және 22 қыркүйек, 10:00 – 19:00
АСТАНА:
🌷PRO.NRG Fest отбасылық фестивалі
Бұл — Қазақстандағы ең ауқымды ғылыми-танымал фестиваль. Мұнда балалар өздерін нағыз ғалым ретінде сезінуі үшін интерактивті аймақтар құрылады. Ал ата-аналарға арнайы сараптамалық дәрістер дайындалады. Олар ойындар арқылы баланы қалай дамытуға болатынын біле алады. Қазір білім беруде қандай трендтер бар және баланың назарын қайда бағыттау керек? Осы сұрақтардың жауабын білу үшін, көрмеге келіңіз.
Орны: Халықаралық қаржы орталығы (AIFC) EXPO, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18
Күні: 21 қыркүйек, 10:00-18:00
💫«Қазына аралы» көрмесі
Жоба әлемнің әртүрлі аймақтарындағы 130-дан астам жұмысты біріктіреді. Көрме зергерлік өнерді тереңінен тануға және оған қатысты түсініктерді кеңейтуге бағытталған. Мәселен, бұйымдар әлеуметтік беделді атрибут пен безендіруден ғана тұрмайды, сондай-ақ олар философиялық әрі мәдени идеяларға толы.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 21 және 22 қыркүйек, 10:00 — 20:00
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның кез келген қаласынан өзіңіз қалаған фильмге тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өтетін викторинадан ұтып алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ көп пікір жазған ең белсенді үш оқырманға айына 1 рет кино билеттерін табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Сәттілік!