Қайда тегін баруға болады?(21-24 наурыз)

Автор: редактор 21 Наурыз, 2024


 

Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың.

 

АЛМАТЫ:

 

🤲«Көш. Наурыз – думан» мерекелік керуені

Керуенге 1000-нан астам адам батырдың, бүркітші және ақын ретінде қатысады. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары дөңгелекті киіз үйлерді, қалыңдық күймесі, жібек, кілем, қамқа сынды маталар артқан түйелерді, қазақ халқының жеті қазынасының нышандарын тамашалай алады. 

Орны: Абай даңғылымен батыс бағытта Достық даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін, одан кейін Абылай хан даңғылымен солтүстік бағытта Астана алаңына дейін өтеді

Күні: 21 наурыз, 10:00-12:00

 

💪Ұлттық спорт түрлері бойынша спорт фестивалі

Тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, арқан тарту, бұқа тарту, қазақ күресі.

Орны: Астана алаңы

Күні: 21, 22 және 23 наурыз, 10:00

 

🌓«Қош келдің, Ұлы Наурыз!» көрмесі

Көрме қазақтың өнер майталмандары Оңғарбек Әлхаров пен Ләйла Жарқынның бірлескен жобасы.

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 21, 22, 23, 24 наурыз, 11: 00-19: 00

 

🎤Танымал әртістердің қатысуымен өтетін концерт

Орны: Астана алаңы

Күні:21 және 22 наурыз, 19: 00-22: 00

 

💐Медина Базарғалидың “Jelilik dala” атты жеке көрмесі

Көрме жас суретшінің бес жылдық тәжірибесіне негізделген.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақова, 79 

Күні: 21, 22, 23, 24 наурыз, 12:00-20:00

 

Nauryz Fest

🌼Ореп-air (Ашық аспан астындағы) кеші. Басты сахнада ZAQ, ARO, TAMGA және DJ kingmaccarella өнер көрсетеді.

Орны: Ramstore All In, Назарбаев даңғылы, 226

Күні: 23 наурыз, 14: 00

 

🌸Әлия Қабиқожаеваның Nomad Spirit жеке көрмесі

Әлия Қабиқожаева – көркем суретші.

Өтетін орны: Clay House көркем галереясы, Наурызбай батыр, 82

Күні: 21, 22, 23, 24 наурыз, 11:00-19:00

 

🏆B. Bubikanova art prize өнер жүлдесі финалистерінің көрмесі

Мұнда сіз қазылар алқасының шешімімен таңдалған жұмыстармен танысып қана қоймай, қай өнер туындысы Қастеев мұражайының қорына енгізілетінін де білесіз. 

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 А

Күні: 21, 22, 23, 24 наурыз, 11: 00-19: 00

 

 

АСТАНА:

 

🏵«Наурыз базары»жәрмеңкесі

Мұнда көпшіліаке еліміздің әр өңірінен келген ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, шығыс тәттілері қолжетімді бағада ұсынылады.

Орны: «ЭКСПО» МВО, Мәңгілік Ел даңғылы 53/1

Күні:21, 22 және 23 наурыз, 10:00-18:00

 

🎨Cycle түрік заманауи бейнелеу өнері көрмесі

Мұнда үш түрлі суретшінің жұмыстары қойылады. Негізгі тақырыптар: цикл, өмір шеңбері, өлшем бірлігі мен өзгеру, тарихи кезең.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 21, 22, 23, 24 наурыз, 10:00 – 20:00

 

🎭Garage Fest жәрмеңкесі 

Жәрмеңкеде жергілікті киімдер, зергерлік бұйымдар, аксессуарлар, құрт қосылған шоколадтар, қолдан жасалған шамдар, косметика, витаминдер және т.б. брендтер ұсынылады.

Орны: Әбу Даби Плаза СОО, Сығанақ көшесі 60/5

Күні:21, 22 және 23 наурыз, 10:00 – 20: 00

 

Шымкент

🚕Наурыз мейрамына орай 21 және 22 наурыз күндері қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Мыңға жуық автобус жолаушыларды 77 бағыт бойынша тасымалдайды.

 

🎉Театр қойылымы 

Театр және цирк әртістерінің қойылымдары, қуыршақ шеруі, спорттық байқаулар, аниматорлар өнер көрсетеді.

Орны: «Астана»алаңы

Күні:22 наурыз, 11:00 – 15: 00

 

💃Гала-концерт

Мерекелік сахнада «Жігіттер», «Орда», «Алаш ұлы», «Өркен» топтары, Наркенже Серікбаева, Назима, Қанай, опера әншілері мен Шымкент мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетеді. 

Орны: «Астана» алаңы

Күні: 22 наурыз, 18:00

 

 

Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!