Қайда тегін баруға болады?(23,24 қараша)

Автор: редактор 23 ноября, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз.

АЛМАТЫ:

«Көшпелілер өркениетінің өрнегі» көрмесі

Көрермендер әйгілі суретші Расул Естемесовтің гобелендерін, графикалық жұмыстары мен мүсіндерін тамашалай алады. «Көшпелілер өркениетінің өрнегі» кітабы авторының барлық шығармасы терең философиялық мәнге ие, сонымен қатар символизмді пайдалануымен және жаңашылдыққа ұмтылысымен ерекшеленеді.

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 23 және 24 қараша, 11:00 – 19:00

Сolisium International Music Forum

Егер сіз ойын-сауық индустриясында алғашқы қадамыңызды жасап, барлығын тереңірек түсінгіңіз келсе, бұл шара сізге арналады. Дәрістер мен шеберлік сабақтары бастапқы деңгейдегі білім беріп, жалған үміттерден арылуға көмектеседі. Ал индустрияның белсенді өкілдерімен танысу арқылы өзіңізді, жобаңызды немесе музыкаңызды алға жылжытуға мүмкіндік аласыз.

Орны: AlmaU, Розыбакиев көшесі 227
Күні: 23 қараша, 11:00-17:00

«Әй-ел!” көрмесі

Суретшілердің жұмыстары Салтанат Нүкенованың қайғылы тарихына арналған. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қолдауға, қоғамдағы осы мәселені белсенді талқылауға бағытталған. Көрме 9 қараша күні сағат 16:00-де ашылады. 10 қарашада «тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдағы өзгерістер» панельдік пікірталасы өтеді.

Орны: Бәрібаев 36-дағы үй, Бәрібаев көшесі, 36
Күні:23 қараша, 09:00 – 21:00

«Оқиғалар желісі» көрмесі

Efes Art Space-тің кезекті көрмесінде қазақстандық суретші Майя Колосова диджитал коллаж техникасымен орындалған туындыларын ұсынады. Мұнда автордың терең сезімдері мен әлемге деген ерекше көзқарасы бейнеленген.

Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137
Күні: 23 және 24 қараша, 10:00 – 19:00

Фатима Өмірдің “Сары жол» атты жеке көрмесі

Суретші әңгімелерін кескіндеме арқылы баяндап, оларды шынайы өмірдегі заттармен толықтырады. Экспозицияда көп мөлшерде сары түс қолданылады. Ол кеңістікті жылу мен жарыққа толтырып, ең қараңғы сәттердің өзінде қуаныш пен үміттің бар екенін еске салады.

Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101
Күні: 23 және 24 қараша, 14:00 – 22:00

«Қайта өрлеу» заманауи өнер көрмесі

Көрме трансформация, жаңару, ішкі және сыртқы шекараларды еңсеру сынды тақырыптарды зерттейтін авторлардың жұмысын біріктіреді. Негізгі назарда — жеке және ұжымдық жаңғыру идеялары, пішіндер мен мағыналардың метаморфозалары, сондай-ақ өзгеру үдерісіндегі өткен мен болашақтың өзара әрекеттесуі.

Орналасқан жері: Esentai Mall, Әл-Фараби даңғылы 77.8
Күні: 23 және 24 қараша, 10:00 – 22:00

АСТАНА:

«ADAMGERSILIK» көрмесі

Бұл көрме күнделікті өмірде шеттетіліп жүрген аутизммен ауыратын балаларды қолдауға және олардың мәселелерімен күресуге арналған. Мұнда бірнеше суретшінің бірлескен шығармашылығының нәтижесі ұсынылады.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 23 және 24 қараша, 10:00 — 20:00

Естеріңізге сала кетейік, әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинада Қазақстанның кез келген қаласынан кез келген фильмге тегін билеттер ұтып алуға болады. Сонымен қатар ең көп пікір қалдырған үш белсенді оқырманға айына бір мәрте киноға тегін билет табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!