Қайда тегін баруға болады(24,25 ақпан)

Автор: редактор 24 Ақпан, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың.

АЛМАТЫ:

💐“Заманауи дизайндағы қазақ оюы» дәрісі

Оқытушы Ерлан Қожабаев – “Қазақ оюлары” кітабының авторы, Қазақстан Суретшілер одағының және Дизайнерлер одағының мүшесі. Дәріс ою-өрнектің белгілі бір мән-мағынасын түсіндіретін ақпарат құралы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар оны заманауи дизайнда қалай пайдалануға болатыны туралы кеңестер беріледі.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақова, 79 көшесі

Күні: 24 ақпан, сағат 14:00

☀️Әлия Қабиқожаеваның Nomad Spirit жеке көрмесі

Әлия Қабиқожаева – көркем суретші. Сонымен қатар Қазақстан Жас суретшілер одағының және Азия суретшілер қауымдастығының мүшесі. Суретші өз туындыларымен Корея, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдеріндегі халықаралық көрмелерде бой көрсеткен.

Өтетін орны: Clay House көркем галереясы, Наурызбай батыр 82 көшесі

Күні: 24 және 25 ақпан, 11:00-19:00

🌔Public Opinion Laboratory сессиясы: Balqashqa Qamqor

Суретші Қарлығаш Ахметбек пен зерттеуші Әйгерім Тілеубай Балқаш көлін күтіп-баптаудағы тәжірибелерін бөліседі. Аталмыш жоба бүгінде адам әрекетінен түрлі экологиялық, әлеуметтік, экономикалық және климаттық қиындықтарға ұшыраған Балқаштың экожүйесін сақтауға бағытталған.

Өтетін орны: Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Назарбаев даңғылы, 43

Күні: 24 ақпан, сағат 16:30

💫Badtrip көрмесі

Аталмыш шарада жастар арасында белең алған нашақорлық мәселесіне қатысты маңызды мәселелер көтеріледі. Ұйымдастырушылары жас буын өкілдері болғандықтан, зерігу болмайды. Дыбыс пен перформанс әрбір адамға тәуелділіктің ауыртпалығын сезінуге мүмкіндік берсе, суретшілердің туындылары бұл мәселеге жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі.

Орналасқан жері: 101 Dump Gallery, Панфилова, 101

Күні: 24 ақпан, сағат 19:00-де. 25 ақпан, 12:00-22:00 аралығында

⚡️Red Bull Turn It Up DJ-баттлы

DJ-тобы микстерін үш раундта ұсынады. Мұнда көрермендердің назарын аудару үшін ең креативті әрі ерекше микстер орындалады. Сонымен қатар көрермендер жеңімпазды өздері анықтайды. Әр баттлдың соңында жарықдиодты білезіктерді пайдалану арқылы дауыс береді.

Орны: Bohema House түнгі клубы, Қазыбек би, 43

Күні: 24 ақпан, сағат 23:00

🦋B. Bubikanova art prize өнер жүлдесі финалистерінің көрмесі

Мұнда сіз қазылар алқасының шешімімен таңдалған жұмыстармен танысып қана қоймай, қай өнер туындысы Қастеев мұражайының қорына енгізілетінін де білесіз. 

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 А

Күні: 24 ақпан, сағат 19:00. 25 ақпан, 12:00-18:00.

🦄“Прометей: жергілікті мәдениет контексіндегі медиа өнері” көрмесі

Прометей жобасы 1962 жылы Қазан қаласында студенттік конструкторлық бюро ретінде құрылған. Бұл орын концерттерге, абстрактілі фильмдерге, бейне-артқа, жарықтандыру дизайнына, дыбыстық өнер мен жеңіл графикаға, аудиовизуалды синтез саласына мамандандырылған.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақова, 79

Күні: 24 және 25 ақпан, 12:00-20:00

АСТАНА:

🐢Сейсенхан Махамбеттің “Табиғатпен үндесу” атты жеке көрмесі

Көрме Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына арналған. Махамбет Сейсенхан – Өнер академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Көптеген кәсіби марапаттардың иегері және өнер байқауларының лауреаты.

Өтетін орны: Has Sanat галереясы, Д.Қонаев 14Д көшесі

Күні: 24 және 25 ақпан, 11:00 – 18:00

👀Дарья Швалеваның “Құрақ сыбыры”графикалық көрмесі

Халықаралық көрмелер мен фестивальдердің қатысушысы әртүрлі басып шығару әдістерімен жұмыс істейді. Мәселен, құрғақ нүктелі гравюра, картоннан ою, линогравюра, монотиптік және т.б.

Орналасқан жері: Sal Seri, ул. Гейдар Әлиева, 10/1 көш. 

Күні: 23 және 24 ақпан, 11:00 – 18:00

 

💫Сәулет Жәнібектің «QARA NÚKTE» жеке көрмесі

Суретші Сәулет үшін QARA  NUKTE оны әлемдер арасында бағыттайтын негізгі сәт.