Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың.
АЛМАТЫ:
«Қазақстан: жер, мәдениет, адам» көрмесі
Фотосуреттің әртүрлі жанрында жұмыс істеп жүрген 53 шебер өз жұмыстарын ұсынады. Мұнда портрет пен натюрморттан бастап, пейзаж бен макрофотография, көше фотосуреті мен астрофотографияға дейін болады. Әрбір фотосурет өмірімізде өзгеріске ұшырап жатқан сәттерді бейнелейді. Шеберлердің еңбегі ерекше сезімді бастан өткеруге көмектеседі.
Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 24 және 25 тамыз, 10:00 – 19:00
Халықаралық Almaty food Fest гастрономиялық фестивалі
Іс-шара бағдарламасында әлемнің әртүрлі елінің ұлттық тағамдары, фермерлер мен hand-made (қолдан жасалған) дүңгіршектер, сондай-ақ гастрономиялық конкурстар, ұтыс ойындары, шеберханалар, аспаздық шоулар мен музыкалық қойылымдар ұсынылады. Ал 25 тамызда фестиваль аясында аспаздар арасында Халықаралық аспаздар байқауы өтеді.
Орны: Абай (Республика Сарайының алдында) алаңы, Достық даңғылы, 56
Күні: 24 және 25 тамыз, 12:00-20:00
Меруерт Кунакованың «Auyspaly küï» көрмесінің вернисажы
Орны: Бәрібаев 36-да орналасқан үй, Бәрібаев көшесі, 36
Күні: 25 тамыз, 19:00
«Ертең кеше болады» керамика көрмесі
Керамикамен жұмыс жасаудың құпиясы мыңдаған жылдар бұрын басталып, күні бүгінге дейін ауқымды тарихты сақтап келеді. Бұл көрме Шолпан Махмудова, Таисия Шайдарова және Анастасия Жарко есімді үш суретшінің таңғажайып бірлескен жұмысы. Олар керамикадан әртүрлі бағыттағы өнер туындыларын жасайды.
Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137
Күні: 24 және 25 тамыз, 10:00 – 19:00
«Үміт шуағы» көрмесі
Aspan Gallery алаңында өтетін “Үміт шуағы” атты көрмесінде Гүлнұр Мұқажанованың 2023 жылы Гонконгтағы бұрынғы тоқыма фабрикасында, ал бүгінде Mill6CHAT арт-кеңістігінде өткізілген суретші көрмесіне арнайы әзірленген қол киізінен жасалған ең ірі туындысы ұсынылады. Ұзындығы 16 метрден асатын бұл монументті кенеп Қазақстанда алғаш рет көрсетіледі. Aspan Gallery алаңындағы көрме үшін Гүлнұр өзінің 16 метрлік киіз суретінің жалғасын жасап шығарды. Галереяның периметрі бойынша кеңістікті қамтитын жаңа инсталляцияның ұзындығы 41 метрден асады.
Орын: Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants кешені, Әл-Фараби, 140а / 3
Күні: 24 және 25 тамыз, 11:00 – 19:00
АСТАНА:
«Ауыз ти» гастрофестивалі
Мұнда сізді әртүрлі елдің асханаларының гастрономиялық алуан түрі, барлығының сүйікті көше тағамдары мен сергітетін сусындар, ересектер мен балаларға арналған әртүрлі іс-шаралар, ашық ауада жаттығулар, пайдалы дәрістер, жайлы демалыс аймағы, музыкалық сүйемелдеу, жарыстар күтеді.
Орны: «Mega Silk Way» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 62
Күні: 25 тамыз, 10:00-22:00
Балаларға арналған жазғы фестиваль
Қонақтарды тегін аниматорлар, сыйлықтар ұтыс ойындары, музыкалық топтардың жанды қойылымдары, елорданың хореографиялық және вокалдық студиялары қатысатын концерттер, вокалдық байқаулар, би шайқастары және т.б. күтеді.
Орны: Ailand ОСО жанындағы көше аумағы, Қорғалжын тас жолы, 2
Күні: 24 және 25 тамыз, 12:00
Естеріңізге сала кетейік, киноға, кез келген фильмге, Қазақстанның кез келген қаласына тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өткізетін викторинада ұтып алуға болады. Сіз сондай-ақ ең көп пікір жаза аласыз, ең белсенді үш оқырманға, айына 1 рет, біз де кино билеттерін береміз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін және сәттілік тілеймін!