Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз.
АЛМАТЫ:
🌷«Zat» көрмесі
“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады. 13 заманауи қазақстандық суретші мен дизайнердің қолында қарапайым бұйымдар — жиһаз, кескіндеме, зергерлік әшекейлер, керамика мен жарық инсталляциялары — жаңа мағынаға ие болады.
Орналасқан жері: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137
Күні: 26 және 27 сәуір, 10:00 – 19:00
🔥«Volcano» заманауи керамика көрмесі
Санкт-Петербургтен келген керамист-суретші Екатерина Тюмина бірнеше жыл бойы жанартаудың атқылау үдерісін зерттеп, осы тақырыпқа арналған жұмыстарын ұсынады. Табиғаттың бұл қуатты құбылысын – лаваның ағысы тудырған күш пен энергияны терең ұғынып, суретші оны өз бойынан өткізе отырып, көркем түрде бейнелеген.
Өтетін орны: «Өнер» арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51.
Күні: 26 наурыз, 10:00 – 19:00
🙌Айжан-Сара Жәнсейітованың “Жанымның сыбыры” көрмесі
⠀
Алматыдағы Almaty Gallery көрме залында суретші Айжан-Сара Жәнсейітованың «Жанымның сыбыры» атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияда автордың 50 кескіндемелік туындысы ұсынылған. Әрбір шығармада өмір жолындағы таңдау тақырыбы көтеріледі — адам жарық пен қараңғының қайсысын таңдайды, тағдыр соған қарай өрбиді.
⠀
Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 26 және 27 сәуір, 12:00 – 17:00
😻«Ancient Futures: мұраны, қолөнерді және экологияны зерттеу” көрмесі
⠀
Бұл көрме – өткен мен болашақтың арасындағы көпір. Мұнда ежелгі дәстүрлі білім мен қазіргі биотехнологиялар тоғысады. Шеберлер мен зерттеушілердің еңбектері арқылы көрермен мәдениеттер мен дәуірлердің қиылысында тұрған, табиғатпен үйлесімді өмір сүру жолын іздейтін көркем әрі философиялық ойға бойлайды.
⠀
Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 26 және 27 сәуір, 12:00 – 17:00
👏«T1 / 2» саунд-арт инсталляциясы
⠀
“T1/2” — бұл Камилла Нарышева мен Вики Кларктың бірлескен жобасы, Семей ядролық сынақ полигонында жасалған далалық жазбаларға негізделген.
⠀
Өтетін орны: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101, домофон 1
Күні: 26 және 27 сәуір, 14:00 – 22:00
🗣Георгий Макаровтың “Бір Тау жайлы хикая” көрмесінің ашылуы
Суретшінің туындылары сізге бірегей әлемнің есігін ашады – мұнда Тау бейнелі баяндаудың басты кейіпкеріне айналып, абстракция мен фигуративтік үндесіп, терең мағыналы көркем образдар тудырады.
Орны: Ular галереясы, Панфилов көшесі, 92
Күні: 26 сәуір, 12:00-18:00
👀Spring Art Fair көрмесі
⠀
Spring Art Fair — көктемнің шуағындай жарқын өнер мерекесі. Бұл алаңда Қазақстанның танымал суретшілері мен жас таланттары өздерінің ең үздік туындыларын ұсынады.
Өтетін орны: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3-қабат)
Күні: 26 және 27 сәуір, 10:00 – 20:00
АСТАНА:
🙏SONS OF THE SHAMAN көрмесі
Нигериялық суретші Мосес Зибор мен қазақстандық суретші Сәулет Жәнібектің бұл көрмесі көрерменді руханият, дәстүр мен бірегейлік жайлы сұхбатқа шақыратын мәдениеттер арасындағы сапарға жетелейді.
Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А
Күні: 26 және 27 сәуір, 10:00 — 16:00
👤«Портреттер емес» көрмесі
Белгілі грузин фотографы Гио Кардаваның жұмыстары көрерменді адам мен өнерге, тіпті өзіне де өзгеше қырынан қарауға шақырады.
Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1
Күні: 26 және 27 сәуір, 10:00 — 20:00
Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!