Қайда тегін баруға болады?(27,28 сәуір)

Автор: редактор 27 апреля, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, өз өңіріңізде болатын қызықты шараларды пікірде бөлісе аласыз. 

АЛМАТЫ:

 

🎬Қысқаметражды Shyraq фильмінің кеші

Мұнда қазақстандық жас режиссерлер өз жұмыстарын көпшілікке таныстырады. «Білім» — Шерхан Жиенқұл,» Ертең » — Диас Айдынов,» Айналайын » — Қали Айбота,» Броконьер » — Ержан Еранұлы,» Zone Out » — Руна Ранард. Көрсетілімнен кейін авторлармен Фильмдер талқыланады.

Орналасқан жері: Creative Hub ÒzgeEpic, Назарбаев көшесі, 36

Күні: 27 сәуір, 18:30-23:00

 

⭐️«ХХ ғасырдағы Қазақстанның өнер жұлдыздары» көрмесі

Мұнда қазақ өнерінің тарихымен танысып, оның бай мұрасы туралы ақпаратқа куә боласыз. Сонымен бірге танымал қазақ суретшілерінің шығармашылығымен таныса аласыз.

Орналасқан жері: Ular gallery, Панфилов көшесі, 92 (интерком 77)

Күні: 27 сәуір, 12:00-18:00

 

🗣Unknownkazak Talks

Алматыда Unknownkazak Talks – заманауи қазақ интеллигенциясының кезекті кездесуі өтеді. Сіздер үшін келетін спикерлер: Тимур Балымбетов, Маржан Өтеген, Али Оқапов, Ескендір Бестай. 

Орын: AlmaU, Atrium, Розыбакиева көшесі, 227

Күні: 28 сәуір, 12: 00

 

💋Scent of a Woman көрмесі

Бұл көрме әйелдердің босанғаннан кейінгі эмоционалдық күйіне негізделген. Сонымен қатар шамадан тыс қайғы немесе қуаныш, қорқыныштың кенеттен пайда болуы немесе тым көп уайымға салыну, қажетсіз идея, балаға тым көп махаббат немесе керісінше, онымен қалай қарым-қатынас жасау керектігін түсінбеу арқау болады. Сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынас, өзін-өзі өнер арқылы іздеу және ішкі үйлесімділік туралы ойларға. 

Сондай-ақ, ер мен әйелдің қарым-қатынасы туралы ойлар, өнер арқылы өзін және ішкі үйлесімділікті іздеу туралы айтылады.

Орналасқан жері: Gaka space, Байшев көшесі, 28/5

Күні:27 және 28 сәуір, 11: 00-20: 00

 

💐Garden Flowers гүлдер жәрмеңкесі

Орны: Ramstore All In, Назарбаев даңғылы, 226

Күні: 27 және 28 сәуір, 11:00-21:00

 

🌝Молдақұл Нарымбетовтың Takyr Krakelur жеке көрмесі

Көрме соңы бақытсыз аяқталатын саяхат жайлы, уақыт өте келе суреттердің түрлі-түсті қабатында пайда болатын жарықтар туралы және олардың кептірілген саз топыраққа біртүрлі көрнекі ұқсастығы туралы баяндайды.

Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79

Күні: 27 және 28 сәуір, 12:00-20:00

 

💫B. Bubikanova art prize өнер жүлдесі финалистерінің көрмесі

Мұнда сіз қазылар алқасының шешімімен таңдалған жұмыстармен таныса отырып, қай өнер туындысы Қастеев мұражайының қорына енгізілетінін білетін боласыз. 

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 А

Күні: 27 және 28 сәуір, 11:00-19:00

 

 

АСТАНА:

 

🎨«Әлемдік кескіндемедегі Юнг архетиптері” дәрісі

Суретші әрі өнер тарихы пәнінің мұғалімі Руслан Салахутдинов Карл Густав Юнгтің бастапқы түсінігінде архетиптің не екенін баяндап береді. Архетиптің, символдың және бейненің айырмашылығы неде? Әлемдік мәдениет көріністеріне негізделген туындылардағы архетиптік бейнелердің мысалдары.

Өтетін орны: “Concept_art” дәрісханасы, Керей мен Жәнібек хандар көшесі, 5 

Күні: 27 сәуір, 19:00

 

👀Cycle түркі заманауи бейнелеу өнері көрмесі

Мұнда үш түрлі суретшінің жұмыстарын тамашалай аласыз. Негізгі тақырыптар: цикл, өмір шеңбері, өлшем бірлігі мен өзгеру, тарихи кезең.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 27 және 28 сәуір, 10:00 — 20:00

 

🩺Nobel Fest: Медициналық инновациялар

Тек 6-16 жастағы балаларға қатысу тегін.

Орны: Президенттік Орталық, Бөкейхан көшесі, 1 А

Күні: 27 және 28 сәуір, 10:00 — 18:00

Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!