Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың.
АЛМАТЫ:
🤫«Үміт шуағы» көрмесі
Aspan Gallery алаңында өтетін “Үміт шуағы” атты көрмесінде Гүлнұр Мұқажанованың 2023 жылы Гонконгтағы бұрынғы тоқыма фабрикасында, ал бүгінде Mill6CHAT арт-кеңістігінде өткізілген суретші көрмесіне арнайы әзірленген қол киізінен жасалған ең ірі туындысы ұсынылады. Ұзындығы 16 метрден асатын бұл монументті кенеп Қазақстанда алғаш рет көрсетіледі. Aspan Gallery алаңындағы көрме үшін Гүлнұр өзінің 16 метрлік киіз суретінің жалғасын жасап шығарды. Галереяның периметрі бойынша кеңістікті қамтитын жаңа инсталляцияның ұзындығы 41 метрден асады.
Орын: Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants кешені, Әл-Фараби, 140а/3
Күні: 27 және 28 шілде, 11:00 – 19:00
🤗«Сеулдің сүйкімділігі” көрмесі
Көрме өнер мен өмір салтында үйлесім тапқан Оңтүстік Корея астанасы Сеулдің тарихы мен мәдениетін, дәстүрлі мұрасын көрсетеді. Сонымен қатар мұнда 100-ден астам бірегей экспонаттар, оның ішінде дәстүрлі киімдер мен тұрмыстық заттар, Сеул қалалық тарих мұражайының қорындағы кітаптар мен тарихи құжаттар қойылады.
Орны: Almaty museum, Қабанбай батыр көшесі, 132
Күні: 27 және 28 шілде, 10:00 – 19:00
👍Интизор Отаниёзованың жеке көрмесі
Суретшінің картиналары ойын кеңістігі арқылы күрделі жүйелердің өзін қалай жаңғыртатыны туралы, адам өміріне әсер ететін шешімдердің кездейсоқтығы мен жүйелілігі, пішін мен мазмұн дағдарысы, сондай-ақ балалар мен ересектер ойындарының социологиясы туралы ойды жеткізеді.
Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 27 және 28 шілде,12:00-20:00
💃«Үлкен нәрселер кішкентай дүниеде» көрмесі
Көрме екі ай бойы өткен арт-резиденцияның нәтижелерін ұсынады, онда ортақ жобада жұмыс істеу үшін бес қатысушы таңдалды: Ассоль Сас, Шефа Надуралиева, Луиза Джапкаева, Ярослава Тищенко, Татьяна Тұранова және Дарья Мороз.
Орналасқан жері: Oner Corner галереясы, Шевченко көшесі, 51
Күні: 27 және 28 шілде, 14:00-21:00
АСТАНА:
👥Creative summer жазғы жобасы
Мұнда балаларға арналған ойын-сауық бағдарламаларын, шығармашылық ұжымдардың қойылымдарын және флешмобтарды тамашалай аласыз.
Орны: Қала алаңы, Орталық жағалау (Есіл өзені), орталық саябақ (амфитеатрға қарама-қарсы), «Жерұйық» паркі, «Жетісу» паркі
Күні: 27 және 28 шілде, 14:00
👀Лейла Махаттың «MENMIN» атты жеке көрмесі
Қазақтың атақты суретшісі туындыларында өткен мен бүгінді ұштастыра отырып, дүниетанымның көркемдік тұжырымдамасын қалыптастырады. Көрмеде өнер иесінің соңғы екі жылда салған суреттері ұсынылады.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 27 және 28 шілде, 10:00 — 20:00
Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!