Қайда тегін баруға болады?(28,29 қыркүйек)

Автор: редактор 28 сентября, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз. 

АЛМАТЫ:

 

🙀«Сезімтал адам» көрмесі

Суретшілер Айдана Құлахметова мен Ксения Казейкина абстрактілі экспрессионизм стилін қолдана отырып, балалық шақтың естеліктеріне жүгінеді. Мұндағы әрбір туынды көрерменді түрлі сезімдер әлеміне алып барады. Сіз де сезіне аласыз деген үміттеміз!

Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137

Күні: 28 және 29 қыркүйек, 10:00 – 19:00

 

🫴Франческа Феллинимен Public Talk

Марчелло Мастрояннидің өмірі мен шығармашылығына арналған іс-шара.

Спикерлер: Франческа Феллини — атақты режиссер Федерико Феллинидің өмірбаянын жазған автор және оның жиені, Олег Борецкий — танымал қазақстандық киносыншы.

Орны: Grand музыка әуесқойы, Гоголь көшесі, 58

Күні: 28 қыркүйек, 17:00 – 21:00

 

😻«Климат, Су және Қоғамдар тоғысы» көрмесі

Көрме биыл мамыр айында Балқаш қаласында “Балқаш — 2024: Сын-қатерлер және шешімдер” атты Халықаралық су-климат форумының бір бөлігі ретінде басталған. Көрмеге қатысатын суретшілер: Алмагүл Менлібаева, Jatiwangi Art Factory, Өміркелді Әбеуов, Саид Атабеков, Khadim Ali, Artcom Platform, Сельби Жұмаева және Алиса Вербина. 

Орын: Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants кешені, Әл-Фараби, 140а / 3

Күні: 28 және 29 қыркүйек, 11:00 – 19:00  

 

👏Mega Alma-Ata туған күніне арналған мерекелік бағдарлама

Қонақтар үшін екі күн қатарынан әртүрлі бағдарлама ұйымдастырылады. Олар: арнайы концерт, куиздер, конкурстар, шеберлік сыныптары, флешмоб және т.б. Мерекенің басты тақырыбы — the Limba. Сондай-ақ сүйікті Ayau және Rusha өнер көрсетеді.

Орны: MEGA Alma-Ata, Розыбакиев көшесі, 247а

Күні: 28 және 29 қыркүйек, 15:00 – 18:00

 

🗣Леонид Ханның «ЪУЪ» жеке көрмесі

Көрермендерге суретшінің танымал мемдерге арналған линогравюра техникасындағы жұмыстары ұсынылады.

Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101

Күні: 28 және 29 қыркүйек, 10:00 – 19:00

 

 

АСТАНА:

👀«Қазына аралы» көрмесі

Жоба әлемнің әртүрлі аймақтарындағы 130-дан астам жұмысты біріктіреді. Көрме зергерлік өнерді тереңінен тануға және оған қатысты түсініктерді кеңейтуге бағытталған. Мәселен, бұйымдар әлеуметтік беделді атрибут пен безендіруден ғана тұрмайды, сондай-ақ олар философиялық әрі мәдени идеяларға толы.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 28 және 29 қыркүйек, 10:00 — 20:00  

 

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның кез келген қаласынан өзіңіз қалаған фильмге тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өтетін викторинадан ұтып алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ көп пікір жазған ең белсенді үш оқырманға айына 1 рет кино билеттерін табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Сәттілік!