Қайда тегін баруға болады?(28,29 желтоқсан)

Автор: редактор 28 декабря, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз. 

 

 

АЛМАТЫ:

 

👣“Қысқы вернисаж” көрмесі

Қазақстанның белгілі қылқалам шеберлері Нұршидин Баратов пен Алексей Уткин көрермендерге туған жер мен қалаға деген терең сүйіспеншілікке толы шығармаларын ұсынады. Суретшілерді табиғи жарықта, табиғи ортада жұмыс істеу әдісі біріктіреді. Бұл тәсіл олардың туындыларына табиғаттың бай бояулары мен әсемдігін дәл жеткізуге мүмкіндік береді. Сол себепті олардың картиналары көрерменге шынайылығымен жақын, табиғаттың тынысы мен ақиқатын айқын сезінуге шақырады.

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 28 және 29 желтоқсан, 11:00 – 19:00

 

👤“Скандинавиялық Рождество” отбасылық фестивалі

Фестиваль қонақтарын келесі қызықты шаралар күтеді: балалар мен ересектерге арналған кинозал, белсенді өмір салты мен басқа да қызықты тақырыптар бойынша дәрістер, жергілікті қолөнершілер жәрмеңкесі, Жаңа жылға өз қолымен сыйлық дайындау шеберханасы және хош иісті ыстық глёгг сусыны (шие шырынынан жасалған, имбирь, даршын, алма және апельсин қосылған жылы скандинавиялық сусын). Фестиваль бағдарламасымен сілтеме арқылы танысуға болады.

Өтетін орны: Сапарғали Бегалин атындағы кітапхана, Төле би көшесі, 27

Күні: 28 және 29 желтоқсан, 10:00 – 19:00

 

💪Рысбек Ысқақовтың жеке көрмесі 

Суретшінің 40-тан астам картинасы қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін жан-жақты бейнелеп, адамның табиғатпен тығыз байланысты екенін көрсетеді. 

Орналасқан жері: Ular галереясы, Панфилов көшесі 92 (интерком 77)

Күні: 28 желтоқсан, 12:00 – 18:00

 

🥳Жаңа жылдық шаралар

29 желтоқсан, 14:00-16:00 – бүкіл отбасыға арналған аспаздық шеберлік сабағы (MEGA 2, үлкен атриум).

29 желтоқсан, 18:00-19:00 – жаңажылдық хордың мерекелік концерті (MEGA 1, фуд-холл).

Өтетін орны: MEGA Alma-Ata, Розыбакиев көшесі, 247А.

 

🤩Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі

Қазақстанның заманауи өнерінде жетекші орын алатын суретшілердің бірі өз туындылары арқылы дәстүр мен заманауи құндылықтарды, сондай-ақ дәстүрдің мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Оның туындылары көрермендерді өткенге, бүгінгі күнге және болашаққа ой жүгіртуге шақырып, жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық сана мен мәдени кодтардың өзара байланысын зерделейді.

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 а/3

Күні: 28 және 29 желтоқсан, 12:00 – 18:00

 

😁Балхия Мұхамеджанованың «Иірім» атты көрмесі

Суретшінің туындыларының басты кейіпкерлері – ішкі әлемі мен сезімдерін, махаббаты мен нәзіктігін бейнелейтін әйелдер мен жас қыздар. Сонымен қатар автор шығармаларында “ана” тақырыбын көтеріп, әйел денсаулығына және жалпы адамзаттың болашағына теріс әсер ететін экологиялық мәселелерге назар аударады. 

Орны: Almaty Gallery (кіші зал), Достық даңғылы, 44

Күні: 28 және 29 желтоқсан, 11:00 – 19:00

 

 

АСТАНА:

 

👀«ADAMGERSILIK» көрмесі

Бұл көрме — Қазақстанның үздік суретшілерінің бірлескен шығармашылығының нәтижесі. Олар күнделікті өмірде жиі шетте қалатын аутизммен ауыратын балаларды қолдауға және олардың мәселелеріне назар аударады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1 

Күні: 28 және 29 желтоқсан, 10:00 — 20:00

 

🎄Жаңа жылдық шаралар

29 желтоқсан, сағат 17:00 – оркестр концерті.

Өтетін орны: MEGA Silk Way, басты сахна (MEGA Arena), Қабанбай батыр даңғылы, 62.

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!