Қайда тегін баруға болады?(3,4 ақпан)

Автор: редактор 03 Ақпан, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сен өз өңіріңде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласың.

АЛМАТЫ:

 

✍️“Прометей: жергілікті мәдениет контекстіндегі медиа өнері” көрмесі

Прометей жобасы 1962 жылы Қазан қаласында студенттік конструкторлық бюро ретінде құрылған. Бұл орын концерттерге, абстрактілі фильмдерге, бейне-артқа, жарықтандыру дизайнына, дыбыстық өнер мен жеңіл графикаға, аудиовизуалды синтез саласына мамандандырылған. 27 қаңтар сағат 15:00-де Татарстанда Прометей жүргізген зерттеулер мен әзірлемелермен таныстыруға арналған дәріс өтеді.

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақова, 79

Күні: 3 және 4 ақпан, 12:00-20:00

📌 Николай Газеевтің “Жоғалған іздер” жеке көрмесі

Туындылардың тақырыбы ауыртпалықтан құтылудың әмбебап жолын бейнелейді. Нақтырақ айтсақ, көрерменді еркіндік пен өзгеріске ұмтылдырып, өз-өзімен жеке қалу туралы ойға шақырады. Көрмеде автордың майлы бояу, графика және аудио-визуалды инсталляция техникасы бойынша 30-дан астам жұмысы қойылады.

Орналасқан жері: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

Күні: 3 және 4 ақпан, 11:00-20:00

АСТАНА: 

 

💫Сәулет Жәнібектің «QARA NÚKTE» жеке көрмесі

Суретші Сәулет үшін QARA  NUKTE оны әлемдер арасында бағыттайтын негізгі сәт. Оның әлемі жүректен шыққан, ізденуші және терең ақыл-ойға негізделген бейнелерге толы галактикадан тұрады. Суретшінің туындысында абсолюттік қара және ақ белгілер қатар көрінеді. Сонымен қатар нысандар мен сюжеттері ерекше сезімге бөлейді. Сонымен қатар адамды жан-жақты ойлануға мәжбүрлейді. Мәселен, тазалық, тереңдік, мұңаю, қуану туралы түрлі эмоцияны сезінуге мүмкіндік бере отырып, әлем арасындағы қарым-қатынасты басқа қырынан түсінуге итермелейді. Шындығында біздің таңдау құқымыз бар. Сіз өзіңізге “мен” қай әлемге кіруді қалаймын? Қазір ол қайда? деп сұрақ қоюыңызға болады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 3 және 4 ақпан, 10:00 – 20: 00

 

Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!