Қайда тегін баруға болады?(3,4 мамыр)

Автор: редактор 03 мая, 2025


Құрметті оқырман! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызық көрмелер мен іс-шараларды пікірге жазып кете аласыз. 

АЛМАТЫ:

 

🌿Баха Бүбіханова атындағы заманауи өнер байқауының финалистер көрмесі

Заманауи өнерге арналған бұл байқауға биыл 24 қаладан 124 суретшінің және 6 шығармашылық топтан барлығы 130 өтінім түскен. Солардың ішінен қазылар алқасы 10 үздік финалисті таңдап алды. Көрмеге қойылған жұмыстардың идеялық өзегі — болмыс пен қоғам құрылымын зерттеу. Бұл тақырыптар — суретші Баха Бүбіханованың шығармашылығында кеңінен көрініс тапқан терең дүниелер.

Байқау жеңімпазы 1 000 000 теңге көлеміндегі сыйақыны иеленіп, оның туындысы Қазақстандағы ең ауқымды өнер топтамаларының бірі — Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің қорына қабылданады. 

Өтетін орны: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 

Күні: 3 және 4 мамыр, 11:00 – 19:00

🌝«Zat» көрмесі

“Zat” көрмесінде көрермен күнделікті тұрмыстағы заттардың мүлде басқа қырынан таныстырылуына куә болады.

Орналасқан жері: Efes Art Space, Желтоқсан даңғылы, 137

Күні: 3 және 4 мамыр, 10:00 – 19:00

🔥«Volcano» заманауи керамика көрмесі

Санкт-Петербургтен келген керамист-суретші Екатерина Тюмина бірнеше жыл бойы жанартаудың атқылау үдерісін зерттеп, осы тақырыпқа арналған жұмыстарын ұсынады. Табиғаттың бұл қуатты құбылысын – лаваның ағысы тудырған күш пен энергияны терең ұғынып, суретші оны өз бойынан өткізе отырып, көркем түрде бейнелеген.

Өтетін орны: «Өнер» арт-кеңістігі, Шевченко көшесі, 51

Күні: 3 мамыр, 10:00 – 19:00

 

💪«Ұлы Жеңіс – ерлікке құрмет, ұрпаққа өнеге” атты сурет және мүсін көрмесі

Бұл көрме – Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отыр. Адамзат тарихындағы ең зұлмат соғыстың азабын тартқан, елі үшін жанын пида еткен боздақтарды еске алу — әр буынның парызы. Көрме — сол бір алмағайып кезеңнің елесінде қалған қайсарлықты, отансүйгіш рухты, ерлік пен азаттық жолындағы күрестің маңызын ұрпақ санасына сіңіруді мақсат етеді.

Өтетін орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 3 және 4 мамыр, 11:00 – 19:00

😻«Ancient Futures: мұраны, қолөнерді және экологияны зерттеу” көрмесі

Өтетін орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі, 79

Күні: 3 және 4 мамыр, 12:00 – 17:00

 

👏«T1 / 2» саунд-арт инсталляциясы

“T1/2” — бұл Камилла Нарышева мен Вики Кларктың бірлескен жобасы, Семей ядролық сынақ полигонында жасалған далалық жазбаларға негізделген.

Өтетін орны: 101 Dump Gallery, Панфилов көшесі, 101, домофон 1

Күні: 3 және 4 мамыр, 14:00 – 22:00

 

👤Spring Art Fair көрмесі

Өтетін орны: Esentai Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 77/8 (Esentai Mall, 3-қабат)

Күні: 3 және 4 мамыр, 10:00 – 20:00

 

 

АСТАНА:

👣“КЕРІСІНШЕ” көрмесі

Forte Kulanshi Art Space кеңістігінде өтетін “КЕРІСІНШЕ” атты көрме – екі түрлі мәдениет пен көркемдік көзқарастың тоғысқан тұсы.

Өтетін орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі, 8/1

Күні: 3 және 4 мамыр, 10:00 — 20:00

 

👀SONS OF THE SHAMAN көрмесі

Нигериялық суретші Мосес Зибор мен қазақстандық суретші Сәулет Жәнібектің бұл көрмесі көрерменді руханият, дәстүр мен бірегейлік жайлы сұхбатқа шақыратын мәдениеттер арасындағы сапарға жетелейді.

Өтетін орны: LM Kulanshi Art, Hayat тұрғын үй кешені, Қасым Аманжолов көшесі, 22А

Күні: 3 және 4 мамыр, 10:00 — 16:00 

Естеріңізге сала кетейік, арнамызда пікір жазып, белсенділік танытқан 5 оқырманға Қазақстанның кез келген қаласынан кино немесе театрға 2 билет (сеанс, күн мен уақытты таңдайсыз) сыйлаймыз немесе кітап сатып алу үшін 10 мың теңгелік сертификат табыстаймыз. Сондай-ақ айдың “ең үздік пікірі” номинациясы да бар. Пікірлер саны мен сапасы бойынша қорытынды әр айдың 1-інде шығарылады. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!