Қайда тегін баруға болады?(30,31 қазан)

Автор: редактор 30 августа, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз.

 

АЛМАТЫ:

 

👤«Қазақстан: жер, мәдениет, адам» көрмесі

Фотосуреттің әртүрлі жанрында жұмыс істеп жүрген 53 шебер өз жұмыстарын ұсынады. Мұнда портрет пен натюрморттан бастап, пейзаж бен макрофотография, көше фотосуреті мен астрофотографияға дейін болады. Әрбір фотосурет өмірімізде өзгеріске ұшырап жатқан сәттерді бейнелейді. Шеберлердің еңбегі ерекше сезімді бастан өткеруге көмектеседі. 

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 30 тамыз, 10:00 – 19:00

 

✍️Ақзел Бейсембайдың «Ағаш және құстар туралы ертегі» көрмесі

Бұл көрме “Өмір ағашы” және оның қамқоршы құстары туралы баяндайды. Ежелгі заманнан бері әлем аңыздарында ағаш өмірдің және өткен мен болашақты байланыстыратын символ болып есептелді. Ал құстар әлемде жол көрсетуші болды.

Орналасқан жері: Art Lane, Гоголь көшесі, 15

Күні: 30 тамыз, 12:00 – 21:00

 

👍Қалалық мерекелік концерт

Орны: Абай алаңы, Республика Сарайының алдында

Күні: 30 тамыз, 18:00

 

🖐«Ертең кеше болады» керамика көрмесі

Керамикамен жұмыс жасаудың құпиясы мыңдаған жылдар бұрын басталып, күні бүгінге дейін ауқымды тарихты сақтап келеді.  Бұл көрме Шолпан Махмудова, Таисия Шайдарова және Анастасия Жарко есімді үш суретшінің таңғажайып бірлескен жұмысы. Олар керамикадан әртүрлі бағыттағы өнер туындыларын жасайды.

Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137

Күні: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек, 10:00 – 19:00

 

💪Red Bull Soapbox жарысы

Бұл жарыс 100-ден астам елде өтеді. Мұнда қорқынышына қарсы тұра алған көңілді әрі албырт командалар бас қосады және олар өзгелерді де экстремалды жарысқа қатысуға шақырады. Бағдарламада — болидтер көрмесі, ұшқыштар шеруі және жарыс болады.

Орны: «Атакент» КҚКО, павильон 9, Тимирязев көшесі 42,  

Күні: 31 тамыз, 10:00-16:00  

 

💡«Үміт шуағы» көрмесі

Aspan Gallery алаңында өтетін “Үміт шуағы” атты көрмесінде Гүлнұр Мұқажанованың 2023 жылы Гонконгтағы бұрынғы тоқыма фабрикасында, ал бүгінде Mill6CHAT арт-кеңістігінде өткізілген суретші көрмесіне арнайы әзірленген қол киізінен жасалған ең ірі туындысы ұсынылады. Ұзындығы 16 метрден асатын бұл монументті кенеп Қазақстанда алғаш рет көрсетіледі. Aspan Gallery алаңындағы көрме үшін Гүлнұр өзінің 16 метрлік киіз суретінің жалғасын жасап шығарды. Галереяның периметрі бойынша кеңістікті қамтитын жаңа инсталляцияның ұзындығы 41 метрден асады.

Орын: Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants кешені, Әл-Фараби, 140а / 3

Күні: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек, 11:00 – 19:00

 

 

АСТАНА:

 

🗣Мерекелік концерт

Орны: Амфитеарт, Астана паркі, Тұран даңғылы, 2/6

Күні: 30 тамыз, 18:00

 

🥳Балаларға арналған жазғы фестиваль

Қонақтарды тегін аниматорлар, сыйлықтар ұтыс ойындары, музыкалық топтардың жанды қойылымдары, елорданың хореографиялық және вокалдық студиялары қатысатын концерттер, вокалдық байқаулар, би шайқастары және т.б. күтеді.

Орны: Ailand ОСО жанындағы көше аумағы, Қорғалжын тас жолы, 2

Күні: 30 және 31 тамыз, 12:00

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның кез келген қаласынан қалаған фильміңізге тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өтетін викторинадан ұтып алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ көп пікір жазған ең белсенді үш оқырманға айына 1 рет кино билеттерін табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін және сәттілік тілейміз!