Қайда тегін баруға болады?(30, 31 наурыз)

Автор: редактор 30 марта, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, өз өңіріңізде болатын қызықты шараларды пікірде бөлісе аласыз.

АЛМАТЫ:

💐«Қош келдің, Ұлы Наурыз!» көрмесі

Көрме қазақтың өнер майталмандары Оңғарбек Әлхаров пен Ләйла Жарқынның бірлескен жобасына негізделген. Мәселен, Оңғарбектің фотосуреттерінде адамдардың бет-бейнесі, туған жерінің пейзаждары мен сезімдер бейнеленсе, Ләйланың киіз кілемдерінде қазақтың тарихы, ата-баба мұрасы, естеліктер, тіпті жердің иісі де көрініс табады… 

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 30 және 31 наурыз, 11:00-19:00

💡Әлия Қабиқожаеваның Nomad Spirit жеке көрмесі

Әлия Қабиқожаева – көркем суретші. Сонымен қатар ол — Қазақстан Жас суретшілер одағының және Азия суретшілер қауымдастығының мүшесі. Суретшінің туындылары Корея, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдеріндегі халықаралық көрмеде төбе көрсетті.

Өтетін орны: Clay House көркем галереясы, Наурызбай батыр, 82

Күні:30 және 31 наурыз, 11: 00-19: 00

👜B. Bubikanova art prize өнер жүлдесі финалистерінің көрмесі

Мұнда сіз қазылар алқасының шешімімен таңдалған жұмыстармен таныса отырып, қай өнер туындысы Қастеев мұражайының қорына енгізілетінін білетін боласыз. 

Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 А

Күні: 30 және 31 наурыз, 11:00-19:00

АСТАНА:

 

👀Австриялық суретші Вилли Кемпельдің «Шексіздік» көрмесі

Кіру тегін. Бірақ осында көрсетілген телефон нөмірі бойынша алдын ала тіркелесіз: +7 778 708 9116.

Орны: Has Sanat галереясы, Қонаев көшесі, 14д

Күні: 30 наурыз, 10:00 — 19:00

👥Юрий Гагариннің 90 жылдығына арналған “Кеттік!” көрмесі (Әңгіме — Байқоңыр туралы)

Көрмеге танымал қазақстандық және ресейлік суретшілердің туындылары, ғарышта түсірілген сирек фотосуреттер мен бейнематериалдар қойылады.

Орны: Орыс үйі, Достық, 18 көшесі

Күні: 30 наурыз, 12:00-20:00

🤩Cycle түркі заманауи бейнелеу өнері көрмесі

Мұнда үш түрлі суретшінің жұмыстарын тамашалай аласыз. Негізгі тақырыптар: цикл, өмір шеңбері, өлшем бірлігі мен өзгеру, тарихи кезең.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 30 және 31 наурыз, 10:00 — 20:00

Еске сала кетейік, әр жұма сайын арнамызда өткізілетін викторинадан Қазақстанның кез келген жерінен тегін кино билеттерін ұтып алуға мүмкіндік бар! Сонымен қатар белсенділік танытып, көп пікір жазатын 3 оқырманымызға айына бір рет кино билетін сыйлаймыз. Ендеше демалыс күндеріңіз сәтті өтсін!