Қайда тегін баруға болады?(30 қараша)

Автор: редактор 30 ноября, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз. 

 

АЛМАТЫ:

 

🌿«SYR BAQYT» көрмесі 

Бұл — Нұра Әмір мен Ғалия Төренің топтық көрмесі. Көрменің тақырыбы – әйел-ана. Ол декреттік демалыстағы эмоциялық күйзеліс туралы: іш пыстыру, немқұрайлық, ашушаңдық секілді сезімдермен көрініс табатын жағдайлар. Күнделікті жұмыстар бірсарынды күйге еніп, қуаныш әкелмейтіні белгілі. Сонымен қатар көрмеде Аялы Айбектің алғашқы фото-видеоарт жұмысы ұсынылған.

Орны: Барибаев 36-дағы үй, Барибаев көшесі, 36

Күні: 30 қараша және 1 желтоқсан, 09:00 – 21:00

 

💐“91-23. Тәуелсіз Қазақстанның танымал музыкасы туралы” кітабының таныстырылымы

Бұл кітап – 1991 жылдан 2023 жылға дейінгі Қазақстанның бұқаралық музыкалық мәдениеті бойынша қызық саяхат. Таныстырылым барысында зерттеу жұмысы, оның авторлары және кітапқа енген әртістердің шығармашылығымен таныса аласыз. Кештің ерекше атмосферасын DJ Jazzymsoul жандандырады, ал таныстырылымнан кейін Батырхан Шүкенов қорының қызметкерлерімен және шара қонақтарымен еркін әңгімелесу мүмкіндігі бар. 

Орны: Grand музыка әуесқойы, Гоголь көшесі 58

Күні: 30 қараша, 17:00

 

🗣Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі

Қазақстанның заманауи өнеріндегі жетекші суретшілердің бірі дәстүр мен заманауилық диалогын, сондай-ақ дәстүрлердің мәдени сәйкестікті қалыптастырудағы рөлін зерттейді.

Орналасқан жері:  Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140а / 3

Күні: 30 қараша және 1 желтоқсан, 12:00 – 18:00

 

💪«Әйелдер сөйлейді: әділетсіздікке қарсы өнер” топтық көрмесі

15 суретші әйел өз өнері арқылы әйелдер бірлігі, теңдікке ұмтылыс және әділетсіздікке қарсы күрес туралы айту үшін күш біріктірді. Шығармаларында олар әйелдер қауымының қуаты мен өзара қолдауын; зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке байланысты ауыртпалықтар мен оларды еңсеру жолдарын; бірлескен күш-жігер арқылы өзгерістерге деген үміт пен сенімді ашып көрсетеді. 

Орны: Бәрібаев 36-дағы үй, Бәрібаев көшесі, 36

Күні: 30 қараша және 1 желтоқсан, 09:00 – 21:00

 

😻«Көшпелілер өркениетінің өрнегі» көрмесі

Көрермендер әйгілі суретші Расул Естемесовтің гобелендерін, графикалық жұмыстары мен мүсіндерін тамашалай алады.

Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44

Күні: 30 қараша және 1 желтоқсан, 11:00 – 19:00

 

🤩«Оқиғалар желісі» көрмесі

Efes Art Space-тің кезекті көрмесінде қазақстандық суретші Майя Колосова диджитал коллаж техникасымен орындалған туындыларын ұсынады. Мұнда автордың терең сезімдері мен әлемге деген ерекше көзқарасы бейнеленген.

Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137

Күні: 30 қараша және 1 желтоқсан, 10:00 – 19:00

 

🤝Фатима Өмірдің “Сары жол» атты жеке көрмесі

Суретші әңгімелерін кескіндеме арқылы баяндап, оларды шынайы өмірдегі заттармен толықтырады.

Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101

Күні: 30 қараша және 1 желтоқсан, 14:00 – 22:00

 

🥳«Қайта өрлеу» заманауи өнер көрмесі

Көрме трансформация, жаңару, ішкі және сыртқы шекараларды еңсеру сынды тақырыптарды зерттейтін авторлардың жұмысын біріктіреді.

Орналасқан жері: Esentai Mall, Әл-Фараби даңғылы 77.8

Күні: 30 қараша және 1 желтоқсан, 10:00 – 22:00

 

 

АСТАНА:

 

👀«ADAMGERSILIK» көрмесі

Бұл көрме күнделікті өмірде шеттетіліп жүрген аутизммен ауыратын балаларды қолдауға және олардың мәселелерімен күресуге арналған. Мұнда бірнеше суретшінің бірлескен шығармашылығының нәтижесі ұсынылады. 

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 30 қараша және 1 желтоқсан, 10:00 — 20:00

 

Естеріңізге сала кетейік, әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинада Қазақстанның кез келген қаласынан кез келген фильмге тегін билеттер ұтып алуға болады. Сонымен қатар ең көп пікір қалдырған үш белсенді оқырманға айына бір мәрте киноға тегін билет табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!