Қайда тегін баруға болады?(5,6 қазан)

Автор: редактор 05 октября, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз. 

 

АЛМАТЫ:

 

☀️36 үйдегі көрмелер шеруі

Көрермендерге түрлі техника мен жанрда жұмыс істейтін 30-дан астам суретшінің туындылары ұсынылады. Сонымен қатар мұнда суретшілермен танысып, өнер туындыларын сатып алып, ұсынылған жұмыстардың алуан түрлілігінен ләззат ала аласыздар.

Орны: Бәрібаев 36-дағы үй, Бәрібаев көшесі, 36

Күні: 5 және 6 қазан, 09:00 – 21:00

 

🔥Deep Talks кездесуі: «Саяхат»

Deep Talks — шағын топтарда карточкалық сұрақтарға негізделіп өткізілетін терең әрі қызықты әңгіме. Кездесу барысында қатысушылар бір-бірімен жеке дүниетанымы мен тәжірибелері туралы сыр шертеді. Бұ жолғы Deep Talks тақырыбы — “Саяхат”.

Орны: Amrita кафесі, Гоголь көшесі, 89

Күні: 6 қазан, 12:00

 

🌷«Сезімтал адам» көрмесі

Суретшілер Айдана Құлахметова мен Ксения Казейкина абстрактілі экспрессионизм стилін қолдана отырып, балалық шақтың естеліктеріне жүгінеді. Мұндағы әрбір туынды көрерменді түрлі сезімдер әлеміне алып барады. Сіз де сезіне аласыз деген үміттеміз!

Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137

Күні: 5 және 6 қазан, 10:00 – 19:00

 

🌝Толқын Сақбаеваның «Өткен жазда» көрмесі

Толқын — Қазақстаннан шыққан суретші. Қазіргі уақытта ол Мадридте тұрады және сол жақта жұмыс істейді. Өнер иесі — көптеген халықаралық байқаудың жүлдегері, ҚР және Испания Суретшілері Одағының мүшесі. Оның туындылары адамға айтарлықтай еркіндік сыйлайды, сонымен қатар өткен жазға деген сағыныш сезімін тудырады.

Орналасқан жері: Esentai галереясы, Әл-Фараби даңғылы, 77/8

Күні: 5 және 6 қазан, 10:00 – 22:00  

 

👀«Климат, Су және Қоғамдар тоғысы» көрмесі

Көрме биыл мамыр айында Балқаш қаласында “Балқаш — 2024: Сын-қатерлер және шешімдер” атты Халықаралық су-климат форумының бір бөлігі ретінде басталған. Көрмеге қатысатын суретшілер: Алмагүл Менлібаева, Jatiwangi Art Factory, Өміркелді Әбеуов, Саид Атабеков, Khadim Ali, Artcom Platform, Сельби Жұмаева және Алиса Вербина. 

Орын: Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants кешені, Әл-Фараби, 140а/3

Күні: 5 және 6 қазан, 11:00 – 19:00  

 

💋Дина Байтасованың “Өзендерімнің арналары”көрмесі

Динаның жұмыстары — оның 15 жыл бұрын басталған ішкі саяхатының визуалды күнделігі. Суретші адам өмірін үнемі өзгеріп, жаңа жағалауларды іздеп, қайта жаңаратын өзенмен салыстырады. Көрменің негізгі элементтері – мифология (қазақ, грек және әлемдік) және Қазақстан мен Грекияның табиғи пейзаждары. 

Орналасқан жері: Esentai City, Қаппаров көшесі 408

Күні:5 және 6 қазан, 10:00 – 19: 00

 

💪Леонид Ханның «ЪУЪ» жеке көрмесі

Көрермендерге суретшінің танымал мемдерге арналған линогравюра техникасындағы жұмыстары ұсынылады.

Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, 

Панфилов көшесі, 101

Күні:5 және 6 қазан, 10:00 – 19:00

 

 

АСТАНА:

 

🤩«Қазына аралы» көрмесі

Жоба әлемнің әртүрлі аймағындағы 130-дан астам жұмысты біріктіреді. Көрме зергерлік өнерді тереңінен тануға және оған қатысты түсініктерді кеңейтуге бағытталған. Мәселен, бұйымдар әлеуметтік беделді атрибут пен безендіруден ғана тұрмайды, сондай-ақ олар философиялық әрі мәдени идеяларға толы.

Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1

Күні: 5 және 6 қазан, 10:00 — 20:00  

💄Вячеслав Лидің «Оянған махаббат» көрмесі

Қазақстандық суретші Еуразия өнер одағы көрмелерінің және басқа да халықаралық жобалардың жеңімпазы, жүлдегері әрі қатысушысы.

Орны: «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34

Күні: 5 және 6 қазан, 12:00 – 18:00  

 

Естеріңізге сала кетейік, киноға, кез келген фильмге, Қазақстанның кез келген қаласына тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өткізетін викторинада ұтып алуға болады. Сіз сондай-ақ ең көп пікір жаза аласыз, ең белсенді үш оқырманға, айына 1 рет, біз де кино билеттерін береміз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін және сәттілік тілейміз!