Құрметті оқырмандар!
#Үйдежатпа ұжымы арнайы сіздер үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды.
Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, өз өңіріңізде болатын қызықты шараларды пікірде бөлісе аласыз.
АЛМАТЫ:
🌝MayFair фестивалі
Жәрмеңкеде қызықты заттарды тамашалауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар мұнда streetfood, live band концерттік бағдарламасы, би, интерактивті ойындар, шеберлік сабақтары мен эзотерикалық бұрыш та болады.
Орны: Ramstore All In, Назарбаев даңғылы 226
Күні: 7 және 8 мамыр, 11:00-21:00
👍Молдақұл Нарымбетовтың Takyr Krakelur жеке көрмесі
Көрме соңы бақытсыз аяқталатын саяхат жайлы, уақыт өте келе суреттердің түрлі-түсті қабатында пайда болатын жарықтар туралы және олардың кептірілген саз топыраққа біртүрлі көрнекі ұқсастығы туралы баяндайды.
Орны: Egin Art space, Нұрмақов көшесі, 79
Күні: 7, 8 және 9 мамыр, 12:00-20:00
АСТАНА:
😎Garage Fest жәрмеңкесі
Жәрмеңке қонақтары қолдан жасалған туындыларды ұсынатын дүкендермен, сондай-ақ Қазақстан, Корея және АҚШ-тың әртүрлі брендтерімен таныса алады. Келушілер үш күн бойы түрлі тәттіден дәм татып, жеке әуен қорын Астананың ең үздік диджейлерінің туындысымен толықтыра алады.
Орны: Әбу Даби Плаза СОО, Сығанақ көшесі 60/5
Күні: 7, 8 және 9 мамыр, 10:00 — 22:00
💫Cycle түркі заманауи бейнелеу өнері көрмесі
Мұнда үш түрлі суретшінің жұмыстарын тамашалай аласыз. Негізгі тақырыптар: цикл, өмір шеңбері, өлшем бірлігі мен өзгеру, тарихи кезең.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 7, 8 және 9 мамыр, 10:00 — 20:00
Естеріңізге сала кетейік, киноға, кез келген фильмге, Қазақстанның кез келген қаласына тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өткізетін викторинада ұтып алуға болады. Сіз сондай-ақ ең көп пікір жаза аласыз, ең белсенді үш оқырманға, айына 1 рет, біз де кино билеттерін береміз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін және сәттілік тілеймін!