Қайда тегін баруға болады?(7,8 қыркүйек)

Автор: редактор 07 сентября, 2024


Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана  қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындап қойды. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз.

АЛМАТЫ:

 

🌷«Хиросима мен Нагасакиді еске алу» көрмесі

Көрменің мақсаты — ядролық қарудың зардаптарының ауыртпалығын көрсете отырып, жер бетіндегі бейбітшілікті сақтауға шақыру. Қазақстан мен Жапония ядролық қарудан зардап шекті. Семей полигонында 450-ден астам ядролық сынақ өткізілді. Хиросима мен Семей қайғылы оқиғаның ғана емес, ядролық қауіпке қарсы күрестің символына айналды. Бұл жағдай екі елдің халқын байланыстырады әрі бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығын еске салады. 

Орны: ҚР орталық мемлекеттік мұражайы, ш / а. Самал-1, Д. 44

Күні: 7 және 8 қыркүйек, 10:00 – 18:00

 

🌺Жазушылар мен заманауи Fahrenheit fest шығармашылық фестивалі

Ақындар, жазушылар, баспагерлер, кітап дүкендерінің өкілдері, редакторлар, қала қоғамдастығы жетекшілері, иллюстраторлар және тағы басқалар бір алаңда бас қосады. Кәсіби мамандардың бір жерде төбе көрсетуі уақытыңызды қызықты өткізумен қатар, қажетті мамандарды табуға және олармен жақын байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Фестиваль аясында кітап алмасуға да болады. Басқалармен айырбастағыңыз келетін кітаптарыңызды ала келіңіз.

Орны: форум СОО, Event Space, Сейфуллин даңғылы, 617

Күні: 7 қыркүйек, 11:00 – 21:00

 

🌱«Ертең кеше болады» керамика көрмесі

Керамикамен жұмыс жасаудың құпиясы мыңдаған жылдар бұрын басталып, күні бүгінге дейін ауқымды тарихты сақтап келеді.  Бұл көрме Шолпан Махмудова, Таисия Шайдарова және Анастасия Жарко есімді үш суретшінің таңғажайып бірлескен жұмысы. Олар керамикадан әртүрлі бағыттағы өнер туындыларын жасайды.

Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137

Күні: 7 және 8 қыркүйек, 10:00 – 19:00

 

🌝Aurora Pop-Up Market жәрмеңкесі

Жәрмеңкеге келушілерді 20-дан астам жаңа алматылық және шетелдік бренд киімдер, зергерлік бұйымдар, интерьер заттар, сыйлықтар, қолөнершілер мен жергілікті гастрономия өндірушілері күтеді.

Орны: Aurora Space, Жамбыл көшесі, 55

Күні: 7 және 8 қыркүйек, 12:00 – 20:00

 

«Үміт шуағы» көрмесі

Aspan Gallery алаңында өтетін “Үміт шуағы” атты көрмесінде Гүлнұр Мұқажанованың 2023 жылы Гонконгтағы бұрынғы тоқыма фабрикасында, ал бүгінде Mill6CHAT арт-кеңістігінде өткізілген суретші көрмесіне арнайы әзірленген қол киізінен жасалған ең ірі туындысы ұсынылады. Ұзындығы 16 метрден асатын бұл монументті кенеп Қазақстанда алғаш рет көрсетіледі. Aspan Gallery алаңындағы көрме үшін Гүлнұр өзінің 16 метрлік киіз суретінің жалғасын жасап шығарды. Галереяның периметрі бойынша кеңістікті қамтитын жаңа инсталляцияның ұзындығы 41 метрден асады.

Орын: Aspan Gallery, Villa Boutiques & Restaurants кешені, Әл-Фараби, 140а / 3

Күні: 7 және 8 қыркүйек, 11:00 – 19:00

 

 

АСТАНА:

 

💔Вячеслав Лидің «Оянған махаббат» көрмесі

Қазақстандық суретші Еуразия өнер одағы көрмелерінің және басқа да халықаралық жобалардың жеңімпазы, жүлдегері әрі қатысушысы.

Орны: «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34

Күні: 7 және 8 қыркүйек, 12:00 – 18:00  

 

 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның кез келген қаласынан қалаған фильміңізге тегін билеттерді әр жұма сайын біздің арнада өтетін викторинадан ұтып алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ көп пікір жазған ең белсенді үш оқырманға айына 1 рет кино билеттерін табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін және сәттілік тілейміз!