Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз.
АЛМАТЫ:
Саид Атабековтың “Мың салт аттының дұғасы” көрмесі
Қазақстанның заманауи өнеріндегі жетекші суретшілердің бірі дәстүр мен заманауилық диалогын, сондай-ақ дәстүрлердің мәдени сәйкестікті қалыптастырудағы рөлін зерттейді. Оның туындылары өткен, қазіргі және болашақ туралы ойлануға шақырады, жаһандық өзгерістер жағдайында ұлттық өзіндік сана мен мәдени кодтардың өзара байланысын нәзік зерттейді.
Орналасқан жері: Aspan Gallery, Әл-Фараби даңғылы, 140 а/3
Күні: 7 және 8 желтоқсан, 12:00 – 18:00
Қалада өтетіе Tabiğat Labs отбасылық фестивалі
Мұнда дәрістер, ойындар, шеберлік сабақтары, кітап клубының кездесуі және басқа да қызық шаралар ұйымдастырылады. Ең маңыздысы – бұл жерде ғаламшарымыздың экологиясының болашағына жанашыр адамдар бас қосады.
Орны: Food Market PlatformA, Абылай хан даңғылы, 125
Күні: 7 желтоқсан, 12:00 -16:00
Рысбек Ысқақовтың жеке көрмесі
Суретшінің 40-тан астам картинасы қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін жан-жақты көрсетіп, адамның табиғатпен тығыз байланысын сезінуге мүмкіндік береді.
Орналасқан жері: Ular галереясы, Панфилов көшесі 92 (интерком 77)
Күні: 7 желтоқсан, 12:00 – 18:00
«Махаббат туралы 100 минут» фильмінің көрсетілімі
Efes Art Space барша кино сүйер қауымды әсем қаланың көшелері арқылы сиқырлы саяхатқа жетелейтін фильмді тамашалауға шақырады. Туындыда Алматы жай ғана қала емес, тағдырлар мен отбасыларды біріктіретін жан біткен мекенге ұқсайды. Әр кейіпкер жақындарына, достары мен туғандарына қамқор таныту арқылы өзін табады.
Орналасқан жері: Efes Art Space, Желтоқсан көшесі, 137
Күні: 7 желтоқсан, 17:00
«SYR BAQYT» көрмесі
Бұл — Нұра Әмір мен Ғалия Төренің топтық көрмесі. Көрменің тақырыбы – әйел-ана. Ол декреттік демалыстағы эмоциялық күйзеліс туралы: іш пыстыру, немқұрайлық, ашушаңдық секілді сезімдермен көрініс табатын жағдайлар. Күнделікті жұмыстар бірсарынды күйге еніп, қуаныш әкелмейтіні белгілі. Сонымен қатар көрмеде Аялы Айбектің алғашқы фото-видеоарт жұмысы ұсынылған.
Орны: Бәрібаев көшесі 36 үй, Бәрібаев көшесі, 36
Күні: 7 және 8 желтоқсан, 09:00 – 21:00
Жаңа жылдық TAU FEST жәрмеңкесі
Жәрмеңкеде қонақтар Алматыдағы мерекелік көңіл күйді сезініп қана қоймай, шопинг жасауға мүмкіндік алады. Мұнда жақындарыңызға арналған бірегей сыйлықтарды, авторлық безендірулерді және қазақстандық 30 брендтің ерекше өнімдерін таба аласыз. Қонақтарға мерекелік күй сыйлау үшін жанды музыка ойнап, жайлы фуд-корт қызмет көрсетеді.
Бұл жәрмеңке ғана емес, Алматыдағы мереке мен шопингтің бірегей премьерасы.
Орны: «Арман» кинотеатры, Достық даңғылы, 104
Күні: 7 желтоқсан, 12:00-18:00
«Көшпелілер өркениетінің өрнегі» көрмесі
Көрермендер әйгілі суретші Расул Естемесовтің гобелендерін, графикалық жұмыстары мен мүсіндерін тамашалай алады. «Көшпелілер өркениетінің өрнегі» кітабы авторының барлық шығармасы терең философияға ие, сонымен қатар символизмді пайдалануымен және жаңашылдыққа ұмтылысымен ерекшеленеді.
Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы, 44
Күні: 7 және 8 желтоқсан, 11:00 – 19:00
«Оқиғалар желісі» көрмесі
Efes Art Space-тің кезекті көрмесінде қазақстандық суретші Майя Колосова диджитал коллаж техникасымен орындалған туындыларын ұсынады. Мұнда автордың терең сезімдері мен әлемге деген ерекше көзқарасы бейнеленген. Әңгімелер желісі» көрмесі
Орны: Орталық көрме залы, Желтоқсан көшесі, 137
Күні: 7 және 8 желтоқсан, 10:00 – 19:00
«Әйелдер айтады: әділетсіздікке қарсы өнер» ұжымдық көрмесі
Суретші 15 әйелдің бірлігі, теңдікке ұмтылуы және әділетсіздікпен күресуі өнер арқылы күш біріктірді.
Орны: Бәрібаев көшесі 36 үй, Бәрібаев көшесі, 36
Күні: 7 және 8 желтоқсан, 09:00 – 21:00
АСТАНА:
«ADAMGERSILIK» көрмесі
Бұл көрме күнделікті өмірде шеттетіліп жүрген аутизммен ауыратын балаларды қолдауға және олардың мәселелерімен күресуге арналған. Мұнда бірнеше суретшінің бірлескен шығармашылығының нәтижесі ұсынылады.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 7 және 8 желтоқсан, 10:00 — 20:00
Естеріңізге сала кетейік, әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинада Қазақстанның кез келген қаласынан кез келген фильмге тегін билеттер ұтып алуға болады. Сонымен қатар ең көп пікір қалдырған үш белсенді оқырманға айына бір мәрте киноға тегін билет табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!