Құрметті оқырмандар! #Үйдежатпа ұжымы арнайы сіз үшін осы демалыс күндері Алматы мен Астана қалаларында тегін баруға болатын іс-шаралар топтамасын дайындады. Ал басқа қалалардан ақпарат болмағандықтан, сіз өз өңіріңізде болатын қызықты іс-шараларды пікірде бөлісе аласыз.
АЛМАТЫ:
💃«Әй-ел!” көрмесі
Суретшілердің жұмыстары Салтанат Нүкенованың қайғылы тарихына арналған. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қолдауға, қоғамдағы осы мәселені белсенді талқылауға бағытталған. Көрме 9 қараша күні сағат 16:00-де ашылады. 10 қарашада «тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдағы өзгерістер» панельдік пікірталасы өтеді.
Орны: Барибаев 36-дағы үй, Барибаев көшесі, 36
Күні: 9 және 10 қараша, 09:00 – 21:00
🐄Ауылшаруашылық жәрмеңкесі
Алматы, Алматы және Жамбыл облыстарының фермерлері мен өндірушілері 50-ден астам өнім атауын ұсынады. Ал олардың жалпы көлемі 280 тоннаны құрайды: ет өнімдері — 40 тонна, жеміс-көкөніс өнімдері – 120 тонна, сүт өнімдері – 60 тонна, балық өнімдері – 5 тонна, өзге де өнімдер-55 тонна.
Орналасқан жері: Сәтбаев көшесі мен Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскесі.
Күні: 9 және 10 қараша, 08:00 – 17:00
🌚«ZAMANDASTAR-III» жас суретшілер көрмесі
Суретшілердің картиналары қазіргі әлемнің экологиялық мәселелеріне, тұлғааралық қатынастарға және күрделі халықаралық мәселелерге назар аударады. Сонымен қатар шығармашылық арқылы ұлттық дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.
Орны: Almaty Gallery, Достық даңғылы 44
Күні: 9 және 10 қараша, 11:00 – 19:00
⭐️«Өмір ағымы: су және оның құны» ұжымдық көрмесі
Көрме Орталық Азиядағы су мәселесін зерттеп, адамның сумен байланысын, мүмкін болатын дағдарысты және қалпына келтіру жолдарын қозғайды. Өнер иелері түрлі техникада орындалған инсталляцияларды бірнеше жерде ұсынады, бұл су ресурстары туралы үздіксіз диалогтың маңызын ерекше көрсетеді.
Орны: Барибаев 36-дағы үй, Барибаев көшесі, 36
Күні: 9 және 10 қараша, 09:00 – 21:00
🤷♀️Люба Гуменюктің «Жеке миф» көрмесі
Қарағандылық суретші өз жұмыстарында балалық шақтың суреттеріне жүгініп, оларды мифологиялық мәтіндермен, христиандық мотивтермен және грек философиясымен үйлестіреді. Бұл жоба көрермен үшін өз-өзімен ашық та шынайы диалогқа айналмақ.
Орналасқан жері: 101 Dump галереясы, Панфилов көшесі, 101
Күні: 9 және 10 қараша, 14:00-22:00
🙄«Қайта өрлеу» заманауи өнер көрмесі
Көрме трансформация, жаңару, ішкі және сыртқы шекараларды еңсеру сынды тақырыптарды зерттейтін авторлардың жұмысын біріктіреді. Негізгі назарда — жеке және ұжымдық жаңғыру идеялары, пішіндер мен мағыналардың метаморфозалары, сондай-ақ өзгеру үдерісіндегі өткен мен болашақтың өзара әрекеттесуі.
Орналасқан жері: Esentai Mall, Әл-Фараби даңғылы 77.8
Күні: 9 және 10 қараша, 10:00 – 22:00
🤫«Kokomba» көрмесі
Бұл — Ambujerba мен Kokonja есімді екі суретшінің бірлескен жобасы.
Орны: Egin Art Space, Нұрмақов көшесі. 79
Күні: 9 және 10 қараша, 12:00-20: 00
АСТАНА:
😁«SHE RUG» көрмесі
Көрме қазақ кілемі мен қазақтың заманауи тоқыма өнерінің интерпретациясына арналған.
Орны: Forte Kulanshi Art Space, Достық көшесі 8/1
Күні: 9 және 10 қараша, 10:00 — 20:00
🐼Ауылшаруашылық жәрмеңкесі
Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының фермерлері мен өндірушілері жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемді және т.б. ұсынады.
Орны: Koktal СОО, Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а
Күні: 9 және 10 қараша, 10:00 – 22:00
👀Вячеслав Лидің «Таңғы алаңдаушылық » көрмесі
Қазақстандық суретші Еуразиялық көркемөнер Одағының және басқа да халықаралық жобалардың көрмелерінің жеңімпазы, жүлдегері және қатысушысы.
Орны: «Жастар» сарайы, Республика даңғылы, 34
Күні: 9 және 10 қараша, 12:00 – 18:00
Естеріңізге сала кетейік, әр жұма сайын біздің арнада өткізілетін викторинада Қазақстанның кез келген қаласынан кез келген фильмге тегін билеттер ұтып алуға болады. Сонымен қатар ең көп пікір қалдырған үш белсенді оқырманға айына бір мәрте киноға тегін билет табыстаймыз. Демалыс күндеріңіз жақсы өтсін! Баршаңызға сәттілік!