Айдос Ербосынұлы , Бек Мұсабеков, Стипендия. 13-ші қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 13 Қазан, 2022


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстандық студенттердің стипендиясы тағы өсті.

Жоғары оқу орындарында студенттерге төленетін төлемді өзгерту туралы үкімет қаулысы күшіне енді.

Құжатқа сәйкес, ай сайынғы мемлекеттік стипендия мөлшері ұлғайтылды. Енді университет студенттері 31 423 теңгенің орнына 36 660 теңге алады.

Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы бұрын 50 400 теңге болса, енді 58 800 теңге алады. Интерндерге 66 403 теңге, магистранттарға 86 987 теңге төленеді. «Назарбаев Университетінің» магистранттарына 162 500 теңге беріледі, бұрын 143 750 теңге болатын.

Докторанттар мен «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша докторанттарға 195 000 теңге шәкіртақы тағайындалды, ол 172 500 теңге еді, ал «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға 100 036 теңге (88 494 теңге болды) төленеді.
Басқа стипендиялардың мөлшері өзгеріссіз қалды.

Құтты болсын!👏🏻😍😍

2️⃣ Бек Мұсабеков есімді студент жігіт үлкен сандарды калькуляторсыз есептеудің жаңа формуласын ойлап тапты.

Ол – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ІІ курс студенті.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Ақпараттық технологиялар факультетінің студенті Бек Мұсабековтың математика саласына қызығушылығы мектеп қабырғасында оянған. Талантты жас квадрат және куб әдістерімен формулаларды 9-шы сыныпта алғаш рет ойлап тапты.
Бүгінде жас ғалымның қоржынында 33 түрлі формула бар. Дарынды студент алдағы уақытта өз еңбегін патенттеп, шәкірт тәрбиелеуді армандайды.
«Түбір астынан жуықтап табу» амалын баған және квадрат арқылы шешу де – оның мектептегі еңбегінің жемісі. Нақты ғылымға қызыққан студент ізденімпаздығының арқасында үлкен сандарды калькулятордың көмегінсіз есептеуге болатын формула жасап шығарды.

Білімді әрі талантты азаматтарымыз көбейе берсін!🔥🔥🔥

3️⃣ Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы америкалық Дэвид Бенавидеспен жекпе-жекке шығады.

Бұл туралы  Vesti.kz хабарлады.

Қазақстандық пен кубалық боксшылар келісімшартқа қол қойды, оған сәйкес жекпе-жектің жеңімпазы Бенавидеске қарсы титулды қорғайды.

Жеңіс тілейміз!✊🏻✊🏻✊🏻