Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз✅
1️⃣ Қазақстанда орташа айлық жалақы 365 502 теңге болды.
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
«2023 жылдың II тоқсанында Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы 2022 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 17,1 пайызға өсіп, 365 502 теңге болды.
Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні 2023 жылғы II тоқсандағы бағалау бойынша 240 779 теңге болды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 000 теңге болып белгіленді», — делінген хабарламада.
Жалақының медианалық мәні — өсу немесе кему ретімен сұрыпталған деректер жинағындағы барлық жалақының ортасындағы жалақы деңгейі.
Ал сіздің жалақыңыз осы мөлшерді құрай ма?🤔
2️⃣ Алматыда тегін қазақ тілі курстарына кімдердің қатыса алатыны белгілі болды.
Тегін оқумен мемлекеттік қызметшілер, қала тұрғындары, этнос өкілдері, ең маңыздысы кәсіпкерлік саласының қызметкерлері қамтылады. 😍🔥
Алматы қаласы әкімі аппаратының тапсырысымен және мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен қазақ тілін тегін үйрететін курс өз жұмысын бастады.
Курсқа 18 жасқа толған барлық тұлғалар қатыса алады.
Оқыту тамыз-желтоқсан айларында, онлайн және оффлайн форматта өтеді. Тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлініп, әр топқа аптасына 2 рет жүргізіледі.
Өтетін орындары: Алматы қаласы аудан әкімі аппараты ғимараттары мен аудан аумағындағы кітапханалар.
Байланыс телефондары: Мемлекеттік тілді дамыту институты 8 776 830 03 67, 8 747 793 52 64.
Аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:
Алатау — 2998649
Алмалы — 8 776 830 03 67
Әуезов — 3032558
Бостандық — 2755068
Жетісу — 3842754/75, 8700 770 70 73
Медеу — 2916434
Наурызбай — 3074553, 8 708 767 97 41
Түрксіб — 2231115.
3️⃣ Қазақстандық жас теннисшілер Германиядағы жарыста жеңіске жетті.
Қазақстандық жас теннисшілер Баварияда (Германия) екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен Junior Bavarian Open 2023 жарысында табысты өнер көрсетті.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Әдия Омарбек жекелей сында финалға дейін жетіп, онда корт иесі Франческа Парселлиге есе жіберді – 2:6, 2:6.
Есесіне жұптық сында чемпиондық атақ қазақстандықтарға бұйырды. Титул үшін бәсекеде Линара Бөлешева мен Кристина Крученко аустралиялықтар Отт – Расселді қапы қалдырды – 6:3, 6:2.
Линара – белгілі футболшы Әлібек Бөлешевтің қызы.
Құтты болсын!👏🏻