Айыппұл, Информатика, Камызяки. 14 қыркүйектің топ жаңалықтары

Автор: редактор 14 Қыркүйек, 2023


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Ресейлік әзілкеш Азамат Мұсағалиевтің төңірегіндегі жанжалдан кейін Қазақстанда «Камызяки» концерттері тоқтатылды.

Қазнетте туындаған жанжал аясында Қазақстанда Азамат Мұсағалиевтің концерті тоқтатылды. Бұл туралы ұйымдастырушы, ивент- агенттігінің өкілі Ольга Ли мәлімдеді.

“Камызяки командасы әртістерінің сенсациялық қоғамдық әрекеттері туралы жұртшылықтың резонансты теріс пікірлерін ескере отырып, ұйымдастырушылар @jam.events.kz @vi_project_kz_ және @livent.kz командасы жеке концерттерді тоқтату туралы шешім қабылдады”, – деді Ольга Ли.

Бұған дейін Қазақстанда әлеуметтік желі қолданушылары танымал ресейлік әзілкеш Азамат Мұсағалиевтің концерттерін тоқтатуға шақырған болатын. Бұл резонанс әртіс 8 қыркүйек Ресей армиясын қолдау мақсатында Донецкіге концерт қоюға барғаннан кейін көтерілді.

Естеріңізде болса, Азамат Мұсағалиев Украинаға қауіп төндіретін тұлғалар тізіміне енгізілген еді.☝🏻

2️⃣ Қазақстандық оқушылар информатикадан еуропалық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

8-14 қыркүйек аралығында Қазақстан құрамасы Грузияда өткен информатикадан EJOI-2023 еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысты. Мұнда әлемнің 24 елінен 96 оқушы өзара сынға түсті.

«EJOI халықаралық IOI информатика олимпиадасының ережелері мен стандарттарын ұстанады. Бұл маңызды оқиға, Еуропа кеңесінің мүше- мемлекеттерінде IT-индустрия элитасының даму сатысы», – дейді министрліктегілер.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы төрт медаль жеңіп алған:

«Алтын» медаль иегері – Мансұр Мамадахунов, Қызылордадағы С. Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Күміс – Серікбай Сұңғат, Тараздағы «Білім-Инновация» дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Күміс – Әлем Аменов, Семейдегі «Білім-Инновация» дарынды ұлдарға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

Қола – Әлішер Алдамжаров, Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

Құрама жетекшілері: Темірлан Қайратұлы Сатылханов – Astana IT университетінің оқытушысы және Нұрмаш Айдос – халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Құтты болсын!🔥

3️⃣ Астаналықтарға қоғамдық орында түкіргені үшін 19 миллион теңге айыппұл салынды.

Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері қоғамдық орында және көшелерде түкірген азаматтарға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

«Біз жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқықбұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз (ӘҚБтК-нің 434-2 бабы, 5 АЕК айыппұл. -Ест.), қоғамдық орын мен көшелерде түкіретін азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Осы құқықбұзушылық үшін (түкіру. -Ест.) 19 миллион теңге сомасына 1 200 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, барлығы 5 миллион теңге немесе 28 пайыз өндірілді», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

1 200 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.📌 Тәртіпке бағынып, ережені сақтап жүріңіздер!✔️