Қайырымдылық, Бейсейіт ауылы, Михаил Литвин. 11-ші тамыздың топ жаңалықтары

Автор: редактор 11 Тамыз, 2022


Бәріне сәлем!

Назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!🔥

1️⃣ Қазақстанда қайырымдылық жасаған адамдарға атақ берілмек

Қайырымдылық жасағаны үшін берілетін құрметті атақ жыл сайын байқау негізінде тағайындалады. Атақ жеке адамға немесе ұйымға берілуі мүмкін.

Қайырымды жандарға берілетін құрметті атақ – мемлекет тарапынан көрсетілген алғыстың белгісі.

Керемет жаңалық екен!😍😍😍

2️⃣ СҚО-да Бексейіт ауылындағы орта мектептің биылғы 9 түлегі де грантқа оқуға түсті

Талапкерлердің үшеуі Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін, қалғаны – жергілікті М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін таңдаған.

«Алтын белгі» иегері Нұрай Текебас енді «ақпараттық технологиялар» мамандығы бойынша оқиды. Тағы екі түлек осы мамандықты таңдаса, біреуі өсімдік шаруашылығы бойынша білім алады. Қалған талапкерлер түрлі пәннен мұғалім мамандығын алып шықпақ.

Жас түлектерді грант иегерлері атануымен құттықтаймыз!👍👍👍

3️⃣ Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңіл атлет Михаил Литвин алтын медаль жеңіп алды

Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан жарыста ол 400 метрлік қашықтықта жүгіруден сайысқа түсіп, 45.36 секундтық көрсеткішке қол жеткізді.

М.Литвин іріктеу кезеңінде 44,94 секундтық көрсеткішпен Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.

Жеңіс құтты болсын!👏👏👏