Кеш жарық, қыздар мен жігіттер!
Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз! ✔️
1️⃣ Қазақстандық спортшы Айзада Мүптілдә Бейхрейндегі ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Спортшы 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті, деп хабарлады Olympic.kz.
Қос сайыс қорытындысы бойынша ол 277 (120+157) келіні көтерді.
Екінші орынды Нурул Акмал (Индонезия) иеленді – 267 (114+153) келі.
Тағы бір қазақстандық – Любовь Ковальчук 266 (115+151) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды.
Жеңіс құтты болсын!✊🏻🔥🔥
2️⃣ Қазақстанда сырттай оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқарды.
Тізімнен физикалық және математикалық ғылымдар, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, химиялық инженерия, электротехника, механика мен металл өңдеу, өндірістік және өңдеу салаларының бірқатар мамандығы алынды.
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 411 бұйрығында сырттай және кешкі оқу, сондай-ақ экстернат формасында білім алуға болатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктері тізіміне өзгерістер енгізілді.
Ал мына мамандықтар бойынша сырттай оқуға рұқсат етіледі:
кітапханашы;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технигі;
техник-технолог, электрик, жылу энергетигі, электромеханик, металлург және тағы басқа;
агроном, орман шебері;
тасымал ұйымдастырушысы;
фельдшер, ветеринарлық фельдшер;
спорттан жаттықтырушы-оқытушы;
цирк, хор, академиялық ән салу мен эстрада әртістері, осы саладағы оқытушылар.
Бұйрық 2022 жылғы 25 қазанда күшіне енеді.
Бұған қалай қарайсың?🤔
3️⃣ Жаңаөзенде алғаш рет дәстүрлі садақ атудан 1-ші республикалық чемпионат өтіп, еліміздің үздік мергендері анықталды.
Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Чемпионатқа 200-ден астам садақшы қатысты. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы Исламбек Салжановтың айтуынша, дәстүрлі садақ ату соңғы 4-5 жылда ұлттық дәрежеге көтерілді. Қазір бұл спортқа мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінуде.
«Жарысқа еліміздің көптеген облысынан кіл мықтылар келді. Біз бұл спортты әлемдік деңгейге шығаруға дайынбыз, ол үшін жан-жақты қолдау білдіреміз. Жақында Түркияда өткен көшпенділер ойынында еліміздің садақшылары екінші орын алды. Бес елдің ішінде Қазақстан екінші орын алып, 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен оралды», – деді Салжанов.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте 1-орынды Шымкент қаласының мергендері жеңіп алды. Абай облысының командасы 2-орынды, Жетісу облысының мергендері 3-ші орынды қанағат тұтты. Сондай-ақ әр нысана бойынша жас шамасына қарай үздік мергендер анықталып, оларға да ақшалай сыйақы табысталды.
Ашық аспан астында өткен спорттық шараны 2500-ге жуық көрермен тамашалауға келді.
Тамашаладың ба?😍👍