Алан Жайнар, Канн фестивалі, Чемпиондар лигасы. 29-шы мамырдың топ жаңалықтары

Автор: редактор 29 мая, 2022


Кеш жарық, көзі қырақты қыздар мен жігіттер!

📌 Назарларыңа бүгінгі күннің ТОП-3 жаңалығын ұсынамыз.

1️⃣ Қазақстандық оқушы Алан Жайнар әлемнің 11 жоғары оқу орнынан шақырту алды. Осылайша жас білім иесі 640 мың доллар көлеміндегі грантқа ие болды.

Енді ол төменде көрсетілген университеттердің бірінде оқи алады.
* University of British Columbia (Ванкувер, Канада);
* KAIST (Оңтүстік Корея);
* City University of Hong Kong (Гонконг);
* Hong Kong Baptist University (Гонконг);
* University of South Florida (Тампа, АҚШ);
* University of Alabama (АҚШ);
* Hong Kong University (Гонконг);
* Saint Louis University in Madrid (Испания);
* The Hong Kong Polytechnic University (Гонконг);
* Hong Kong University of Science and Technology (Гонконг);
* Miami University (Огайо, АҚШ).

Жарайсың, Алан!👏🏻👏🏻👏🏻

2️⃣ 75-ші Канн фестивалінің лауреаттары анықталды. Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағын» — швед режиссері Рубен Эстлундтің «Треугольник печали» фильмі алды.

▪️Ал бас жүлдеге Клер Денидің «Звезды в полдень» картинасы және бельгиялық режиссер Лукас Донттың «Близко» фильмі ие болды.

▪️Үздік режиссер — оңтүстік кореялық Пак Чхан Ук («Решение расстаться»).

▪️Үздік актриса — ирандық Зар Амир-Эбрахими («Священный паук»).

▪️Үздік ер ролі үшін жүлдені Оңтүстік Корея актері Сон Кан Хо («Посредник») алды.

▪️Үздік сценарий үшін сыйлыққа швед Тарик Салех «Мальчик с небес» фильмі үшін ие болды.

▪️»Алтын камера» жүлдесін Райли Кио мен Джина Гаммеллдің «Воинственный пони» картинасы алды.

🎞 Аталған фильмдерді міндетті түрде қарап шығуға кеңес береміз👍

3️⃣ Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен «Реал» 123,8 миллион еуро көлемінде сыйақы алады.

Жалпы УЕФА осы маусымдағы үш еурокубок қатысушылары арасында 2,7 миллиард еуроны бөледі.

⚽️ Ал сен қай клубтың жанкүйерісің? Реал әлде Ливерпуль?