Қалашық, Педагог, Телеграм.24 қазанның топ жаңалықтары

Автор: редактор 24 октября, 2024


Бәріне сәлем!

Қыздар мен жігіттер, назарларыңа кезекті ТОП-3 жаңалықты ұсынамыз!✔️

1️⃣ Алматы маңында жер сілкінісі кезінде халықтың қауіпсіздігі үшін арнайы қалашық салынбақ

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыда жойқын жер сілкінісі болған жағдайда халық шатырлы қалашыққа көшірілетінін айтты.

Министрдің айтуынша, шатырлы қалашық Түрксіб ауданында ашылады. Оған 173 гектар ашық жер бөлінген. Жол торабы қарастырылған. Теміржол да алыс емес. Шатырлы қалашықта әрбір зардап шеккен адамға жылы киім мен қорғаныс құралдары беріледі деп жоспарланып отыр.
Медициналық құрал-жабдықтар да болады.

«Шатырлы қалашықта жатын орындар, үш күндік тамақ, жалпы барлық қажетті зат болады. Әзірге оған 50 мың адам сыяды. Мақсатымыз – 1 миллион орын жасақтау», — деді Әрінов мәжілісте өткен отырыста.
Осы орайда министр шатырлы қалашыққа арналған орын ең қауіпсіз жер екенін ерекше атап өтті, жанында биік ғимараттар жоқ.

Еліміз аман болсын!🙌🏻

2️⃣ Алматы прокурорлары 16 Telegram арнаны бұғаттады

Алматы қаласының прокурорлары есірткі таратқан телеграм-арналарды бұғаттады.

«Алматы қаласының прокуратурасы есірткі құралдары мен психотроптық заттар жарнамаланып, таратылатын 16 телеграм-арнаны бұғаттады. Тексеру барысында қатысушыларға тыйымсалынған заттарды сатып алу мүмкіндігімен қатар»закладчик» жұмысы ұсынылғаны анықталды», — делінген хабарламада.

Сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын қанағаттандырды, олардың қызметі тоқтатылды.

Кінәлі тұлғаларды белгіленген жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап (есірткіқұралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау), одан әрі тергеу үшін полицияға жолдады.

Қазіргі таңда қауіпті парақшалар мен арналар көбейіп кеткен📌

3️⃣ «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарына 3,6 млн теңгеден сыйақы берілді

«Үздік педагог» республикалық байқауының 64 жеңімпазына 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілді.

Еліміздің бас ұстазы әріптестерін құттықтап, жыл сайын қазақстандық ұстаздар халықаралық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келе жатқанын атап өтті. Мысалы, биыл біздің оқушыларымыз әлемдік беделді пәндік олимпиадаларда 26 медаль жеңіп алды, оның екеуі алтын медаль.

«Күні кеше ғана біздің екі ұстазымыз «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болды, бүгін де педагогтерімізді төрге оздырып, оларға құрмет көрсетудеміз. Бұл марапаттардың барлығы ұстаздардың еліміздің игілігіне, адами капиталды қалыптастыруға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз адал еңбектерінің мемлекет тарапынан лайықты бағаланатынын және педагог мәртебесін көтерудің жаңа кезеңін айғақтайды», — деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетері, республикалық байқау жеңімпаздары «Үздік педагог» куәлігімен, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1000 АЕК (3,6 млн теңгеден астам) мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталды.

Құтты болсын!👏🏻